Сынып сағаты: Биік шаңырақ астында. Тәуелсіздік тұғыры.
Өтілу тәсілі: Интеллектуалдық жарыс
Мақсаты:
Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу; Биік шаңырақ астында туған жер, туған қалаға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға баулу, ата - ана, мектеп, бала, ұстаз арасындағы сабақтастықты жалғастыру.
1 - Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар! ҚР- ның Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ халқы талай - талай тарихи оқиғалар мен шежірені бастан өткізді.
Мұның бірі - Тәуелсіздік шежіресі. Тәуелсіздік қазақтың тарихы! 16 - желтоқсан тарихтың мақтан тұтар шежіресі емес пе?
Оқушы:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан
Менің байтақ республикам таулары
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Оқушы:
Әнұраным - елдігімнің белгісі
Әнұраным - тірлігімнің белгісі
Шырқағанда әнұраным қалықтап
Тебірентіп жүрегімді ән құшқан.
ӘНҰРАН
Дербес, тәуелсіз ел болу деген, қандай бақыт!
Елдің өз өмірі, өз тарихы бәрі де өз қолында. Дүниежүзінің жүзден астам мемлекеті Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Бүгінгі сынып сағаты «Биік шаңырақ астында»деп аталады. Өтілуі интеллектуалдық жарыс түрінде өтеді.
Жарысқа 3 команда қатысады.
Жарыс мынадай сайыс түрлері бойынша жүргізіледі:
1. Таныстыру. «Қалқан тренингі»
2. Бәйге
3. Отан туралы мақал жарысы
4. Туған жер /сурет салу/
5. Бәйтерек символы қандай мағынаны білдіреді? Бәйтерек комплексі сіздің ойыңызша не себептен салынды?
6. Отан деген немене? Отан сөзінің мағынасын ашу
7. Отан 1өлеңді мәнерлеп жатқа оқу
8. Егіз ұйқас. өлең құрастыру
1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет деп танылды. Міне нақ осы күні қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалғандай болды.
1986 жылы Алматы қаласында 16 желтоқсанда жастар Қазақстанға тәуелсіздік керек деген ұранмен алаңға шығып, өз қарсылықтарын білдірді. Қыршын кеткен жас боздақтарды ешқашанда қазақ халқы ұмытпайды.
Тарих беттерінен.
Шұғыла:
1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың елтаңбасын, әнұранын, туын бекітті.
Оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған.
Оқушы:
Елтаңбаның авторы - Шота Уәлиханов
Шаңырақ ұғымы үлкен үй дегенді білдіреді. Осы үлкен үй барша қазақстандықтарға ортақ деген ұғым.
1. Тренинг «Отбасы қалқаны»
• Біздің бейнеміз
• Отбасының мақтанышы, жетістігі
• Сүйікті ісі (ХОББИ)
• Арманымыз
2. Жарнама
Оқушы:
Қазақстан Республикасының туының авторы - Шәкен Ниязбеков
Оқушы:
Әнұран гректің ән және ұран деген 2 сөзінен тұрады. Ол салтанатты ән деген мағынаны білдіреді.
Оқушы:
Әнұранның авторы: Н. Назарбаев
Жұмекен Нәжімеденов
Әні: Шәмші Қалдаяқов
2. Бәйге жарысы
1 - команда
1. Қазақстанның тұңғыш президенті кім а) Н. Назарбаев
ә) Д. Қонаев
2. Астана қандай 2 өзеннің жағасында орналасқан а) Есіл, Орал
ә) Есіл, Нұра
3. Қай қала бірінші бас қаламыз болды, қай жылы а) Ақмешіт, 1926
ә) Алматы, 1929
б) Алматы, 1928
4. Ата заң - Конституция қай жылы қабылданды а) 30. 08. 1995
ә) 30. 08. 1996
б) 30. 08. 1997
5. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды а) июль, 1997
ә) июнь, 1997
б) қаңтар, 1999
6. Абай Құнанбаев қай жылы туды, неше қара сөзі бар а) 1846, 45қара
сөз
б) 1845, 46қ. с.
в) 1845, 45қ. с.
7. Отан,
Отан
Бәрінен ыстық екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем: авторы кім
а) М. Шаханов
ә) М. Мақатаев
б) Б. Тұрлыханов
8. Желтоқсан оқиғасында ерлік көрсеткен жастарды тап: а) Л. Асанова
ә) Қ. Рысқұлбеков
б) Т. Мұсабаев
9. Қазақстан мұнайлы өлке. Мұнай қай облыста өндіріледі а) Ақтау
ә) Маңғыстау
10. Тұңғыш қазақ ғарышкері а) Т. Мұсабаев
ә) Т. Әубәкіров
2 - команда
1. Қай жылы Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді а) 6 - мамыр1998
ә) 6 - мамыр1997
б) 6 - маусым1997
2. Президент сарайы қалай аталады а) Алтын орда
ә) Ақ орда
б) Конгресс - холл
3. Қазақтың тұңғыш академигі а) Қ. Сәтпаев
ә ) М. Әуезов
б) Ә, Марғұлан
4. Әнұран қай жылы бекітілді а) 1991
ә) 1992
б) 1993
5. Қара отын өндіретін өндірістік, индустриялық бас қаламыз:
а) Өскемен
ә) Қарағанды
б) Теміртау
6. Жыр алыбы кім: а) Бейімбет
ә) Сүйінбай
б) Ілияс
в) Жамбыл
7. Шәкен Ниязбеков кім, не шығарды: а) архитектор, әнұран
ә) суретші, ту
б) архитектор, ту
8. Мұхтар Әуезовтық 157 мемлекет таныған ұлы шығармасы
а) Ботагөз романы
ә) Қараш - Қараш оқиғасы
б) Абай жолы
9. Қазақтың тұңғыш чемпионы, Париж қаласында әлемді өз күшіне табындырған кім: а) Балуан Шолақ
ә) Қажымұқан
б) Жақсылық Үшкемпіров
10. Қазақстандағы биік шың (ТАУ): а) Тянь - Шань ә) Хантәңірі
б) Алатау
3 - Команда
1. Целиноград қаласы қашан Ақмола деп өзгертілді: а) 1990
ә) 1992
б) 1994
2. Есіл өзені қай облыстың үстін басып өтеді а) Қостанай
ә) Көкшетау
б) Ақмола
3. Шетелдік қонақтарды қайда қабылдайды: а) Анкара
ә) Конгресс – холл
б) Отырар
4. Қазақтың бұлбұлы кім: а) К. Байсейітова
ә) Ә. Қашаубаев
б) М. Ержанов
в) А. Жұбанов
5. Қазақстанның адам саны бойынша үлкен қалаларының ретін тап:
а) Алматы, Тараз, Талдықорған
ә) Қарағанды, Талдықорған, Алматы
б) Алматы, Талдықорған, Тараз
6. Қай жылы алғаш рет Н. Назарбаев президент болды: а) 1989
ә) 1990
б) 1991
7. Ұлттық ақшамыз - теңге қай жылы енгізілді:
а) 1995, 13 - қараша
ә) 1993, 15 - қараша
б) 1996, 15 - қараша
8. Қазақтың үш биін білеміз. Төбе би кім: а) Төле
ә) Әйтеке
б) Қазыбек
9. Елтаңбаның авторы кім: а) Шота Уәлиханов
ә) Шоқан Уәлиханов
10. Қазақстанмен неше мемлекет шекаралас, қандай елдер:
а) 5 ә) 4 б) 3
2. Мақал жарыс. Басы беріледі, соңын аяқтау
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Ел іші алтын бесік.
3. Отан - елдің анасы,
Ел ердің анасы.
4. Ер елінде,
Гүл жерінде.
1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
2. Отан оттан басталады.
3. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
4. Туған жердің ауасы да тәтті.
1. Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.
2. Әркімнің өз туған жері - Мысыр шаһары.
3. Өзге елде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол.
4. Туған жердің қадірін Шетте жүрсең білерсің.
3. Сурет салу жарысы. Туған жер
4. Бәйтерек ұғымы нені білдіреді, Сіздің ойыңызша ол қандай символ?
5. Отан ұғымын әр түрлі сөзбен білдір. Отан деген немене?
6. Мәнерлеп жатқа оқу. Отан 1 - өлең
7. Жаттап келу: Армысың, Отаным
Армысың, Достарым
Армысың, Қонақтар
Армысың, Балқашым!
8. Әрқайсысы Отанға арнап 3 тілектен жатқа айтуы керек
Оқушы:
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып
Мен үлкен болғанда да
Оқушы:
Жүректе сақтап атын
Жүретін салтанатым
Астана биігіміз
Биіктер күнге жақын
Оқушы:
Алматы астанамыз
Алматы бас қалам
Атыңды құрметтеп
Әрқашан мақтанам!
Алматы қаласы 1929 жылдан бастап 1997 жылға дейін біздің астанамыз болды.
1993 жылы 15 - қарашада теңге айналымға енгізілді. Биыл теңгеге өзгеріс енгізілді.
Оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Оқушы:
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Айдана:
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Жүргізуші:
Әділ қазылар жеңімпазды анықтағанша, сөз кезегі домбырашыларға беріледі
«Көңіл толқыны» күйі
Марапаттау
Соңы: Осымен сынып сағаты аяқталды. Келіп қатысқан командаларға мың алғыс!
Биік шаңырақ астында. Тәуелсіздік тұғыры
- Мусина Алмагуль Батркановна
- 10 қаңтар 2015
- 10211
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Биік шаңырақ астында, тәуелсіздік тұғыры атты тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас...."Тұғыры биік Елбасы"
Мақсаты: Балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Қазақстан - менің Отаным
Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...Менің Қазақстанымды әлем таниды!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.