Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы.
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі, мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата – ана - оқушы - мұғалім үштік одағы тығыз жұмыс атқарады. Әртүрлі формада ата – аналар жиналысы, оқулары өткізіледі.
Бастауыштың әр сатысында оқыту мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады. Ата – ана, қоғам, мұғалім бірлесе отырып, жоғарыда айтылған жұмыстар нәтижесінде бастауышта білім мен тәрбиені қалыптастырып, алмастай өткір, мықты, берік, өз ортасында үнемі жарқырап жүретін жан – жақты, бәсекеге қабілетті, дүние жүзіне танымал, ұлттық сана - сезімі оянған, Отанын, елін шын жүрегімен сүйетін азаматты тәрбиелеп шығару – біздің мақсатымыз.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер:
сыныпқа көмегі;
өз баласына ықпалы;
мұғаліммен қарым – қатынасы;
ата - аналарды топтау;
мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне көз қарасы;
Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;
мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір – қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.
Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы
- ramuk_b
- 2 желтоқсан 2014
- 12269
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мектеп, оқушы, ата ана, үштік одағы
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...Ата - аналар жиналысы
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру,...Ата - анамен жүргізілетін жұмыс
Проблема: Тәрбие саласында ата - анамен жағымды қарым - қатынасты реттеуде ұстаз небір қиыншылықтарға тап болып жатады. Қазіргі жаңа педагогикалық...Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асыруды мектеп пен отбасының өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс – қимылын қамтамасыз ету. Отбасы мен...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.