Сайтқа кіру Тіркелу

Менің тұңғыш президентім

Менің тұңғыш Президентім!
Тәрбие сағаты
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәде - сыйлықтар, әнұран, т. б.
Түрі: тәрбие сағаты

ҚР Гимні – орындалады.
Мұғалім:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Ән: «Өз елім»

Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтанның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы:
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы:
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Оқушы:
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндікке, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Оқушы:
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Мұғалім: - Балалар Астанадан қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауабы)
Слайд көру.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс

Мұғалім: (президентке тілек)
- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.
- Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.

Мына күннің көзінің шуақтарына «Президентке тілек» жазып іліп қоямыз.
Хор: «Атамекен»

«Қайранкөл орта мектебі» КММ
4 «а» сынып сағаты
Сынып жетекші: Мусина А. Б.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Оқушыларға...
Менің тұңғыш Президентім
Біз таңдаған Президент

Біз таңдаған Президент

№6 орта мектеп жанындағы интернаты Өткізген тәрбиеші: Төлешова Орынгүл...
Менің тұңғыш Президентім

Менің тұңғыш Президентім

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын....
1-желтоқсан тұңғыш Президент күні тәрбие сағаты

1-желтоқсан тұңғыш Президент күні тәрбие сағаты

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×