Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатым - тағдырым»
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
3. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;
Көрнекі құралдар: слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, қолдан жасаған өз өнері, гүлдер, суреттер, «Өзін - өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм,
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой - толғау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар.
Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
Сабақтың барысы:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат - Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат - Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Өте керемет!
Анадан мейірімділікті үйренеміз. «Өзін - өзі тану» адамгершілік негізі ұранына сүйене отырып сабағымды Сара Алпысқызына арнап « Өзін таныту – өнеге» өлеңіммен бастайын.
«Өзін таныту - өнеге»
Сара Алпысқызына арнау
Еңбек етіп жүр екенсіз, аянбай,
Қиыншылық, кедергіге қарамай.
Тербетесіз, мектеп білім бесігін,
Айқара ашып өмір сізге есігін.
Жүзіңізден жылылық леп жайдарлы,
Шуағынан сәулелі нұр арайлы.
Ақылдылық, даналылық, даралық,
Қазақ қызы бір өзіңнен тарайды.
Сүйсіндім, мен, сізге қарап тамсана,
Жанарыңыз «Сара апай» тамаша.
Ұлылығын көрдім сізден заманның,
Қазақ туын тік көтерген бір ана!
(«Есіл өңірі» газетінде 2013 жылы ақпан айында жарияланды) «Өзін - өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильмді тамашаладық.
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Туған ел төсінде» деп аталады.
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат - сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз. Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар...
Ендеше, балалар, өзіміздің ауылымыздың төңірегіне саяхатымызды бастайық. Байгарин Ноянның орындауында «Ауылым» - атты өлеңімді тыңдап, тамашалайық ( Ноян 1 - сы - ныптан бастап менің өлеңдерімді жатқа айтып жүр. Мектепішілік, сыныптан тыс, бай - қауларға қатынасып жүлделі орындар иеленді, аудандық көркемөнерпаздар байқауыларына қатынасып мақтау қағазымен, сыйлықпен жүлделі орын иегері атанды )
Ауылым
Неткен күшті, құріреттісің табиғат,
Дәл сенімен тілдескендей адамзат.
Ауыл маңы орман - тоғай аралас,
Сүйсіндірер сайраған құс ғаламат.
Көктемде біздің маңай гүлденеді,
Өзгеріп көз тартарлық түрге енеді.
Сағынып құстар келер біздің елге,
Сән берер у - шуымен орман – көлге
Ауылдың дәл алдында - Мұқыр сайы,
Көгорай шалғынымен малға жайлы.
Күреңбие, Қарағаш, Шиелісі,
Шерткендей тарих сырын әрбір жайды.
Жаз келсе Есіл тұрар қолын бұлғап,
Дем ал сен, қасыма кел, көңіл сұрап.
Шақырғандай сағынып әрбір жанды,
Жатсаңшы құмыма кеп, аунап - қунап.
Айта берсем ауылымның жыры көп қой,
Жасыратын сендерден сыры жоқ қой.
Ендеше, ауылдастар, ойлаңдаршы,
Біздер үшін дәл Мұқырдай жер жоқ қой...
ІІ слайд
ІІІ. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы – ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1 - оқушы. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ. Адам бар – жоғы бір - екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат - Ананы ренжітсе, екіншіден өзіне - өзі қастандық жасады.
Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін:
Ей, адамдар, Табиғат – ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
ІІІ слайд Ендігі екінші аялдамамыз «Бұлақ көрсең көзің аш» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?
2 - оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
«Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.
Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Жеміс егіп, ағаш отырғызып еңбек етелік. Бізге қашанда көмекке келетін сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?(Құстар)
ІV слайд
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
4 - оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғат сақшылары. Егістіктің, бау - бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата - бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат - Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман - тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат - Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді, өзі қандай дархан, кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат - Анадан үйренген мейірімділігімізді бір - бірімізге арнаймыз.
Табиғатым - тағдырым
- базарбаева
- 30 тамыз 2014
- 14112
- 0
- 0
Ілмек сөздер: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты бағала, бар күшіңмен аяла!
Мақсаты: Табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру. Қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту....Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...
Алматы облысы Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжі Айнағулова Камшат Сақанқызы...Табиғатты танып, білейік
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына...Туған жер төсінде
Жеңіс негізгі мектебінің бастауыш сынып және өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Базарбаева Айгүл Оразалықызы...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.