Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз

Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтарын, астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру, еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
І. Басқарушы тәрбие сағатының тақырыбын хабарлайды.
Қыркүйек айы: Менің қазақша атым «қыркүйек», күздің бірінші айымын. Ал балалар мен туралы не білесіңдер?
Оқушылар хормен: І - қыркүйек - жаңа оқу жылының басы, Білім күні!
Мектебім әні хормен орындалады.

1 - оқушы: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде
Жүзбек боп білім теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын заңның арқасы

2 - оқушы: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шытырлап
Тамшы жерге секірді
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалжырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап

3 - оқушы: Күзім - ау, күзім - ау!
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау
Бау - бақша тосады
Тосады достарым
Дастархан толған дәм
Жайдары аспаным
Ойнаймыз күлеміз
Достықты білеміз
Айырып болмайық
Тұрғандай кім егіз

4 - оқушы: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды

Қазан айы: Менің атым «Қазан». Күзгі жиын - терімін соңғы айымын. Еңбектер елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?

Хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Мұғалімдер күні
«Ұстазым»әні орындалады
Қараша айы - Менің қазақша атым Қараша. Күздің соңғы айымын. Менде қандай ерекшелік бар?
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
«Еңбек» әні орындалады
Күз айлары: - Ал балалар, сендер біз туралы, біздегі мерекелі күндер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ендігі кезекті күз байлықтарына береміз.
Егін - жеміс, алма, өрік, шие, жүзім, қауын, қызанақ суреттерін қолдарына ұстаған оқушылар ортаға шығып, жаттаған өлең жұмбақтарын айтып береді.
Хормен: Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мереке күз
Басқарушы: Қараңдаршы көзің тоймас
Күз деген бір жақсы уақыт
Ой да қыр да таудың ішін
Бір молшылық жатқан шалқып
Ал балалар кім біледі
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

Жеміс: «Алтын күз» деп Біз айтамыз сол үшін де
Сары алтындай сары қауын көп піскен соң бақ ішінде
Жапырақ: Жаңа піскен алма баққа, көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай, жапырақты қайың талға
Мұны көріп күзді қалай, теңемейсің сары алтынға

Егін: Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адым, әрбір жота
Алтын жайып тастағандай
Хормен: «Ақбидай» әні орындалады.
Күз айлары: Ендігі кезекті жұмбақтар айтысына береміз.
Жұмбақтар:
Қорытынды:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×