Сабақтың тақырыбы: Мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы, археолог.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білім және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлерімен таныстырып, мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы, археолог мамандарының жұмыс сипаты, еңбек жағдайы, кәсіби біліктілігі, жақын кәсіп түрлері туралы білім беру;
Дамытушылық: оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін пайдаланып, тереңдетіп дамыту, білімнің адамға қызмет ету жолдарын үйрету;
Тәрбиелік: мәдениеттілікке, шығармашылыққа, тарихты бағалауды үйретіп, сол арқылы патриот тәрбиелеу.
Оқыту құралдары: Альбомдар, суреттер, буклеттер, оқулықтар.
Әдістер мен оқыту іс - әрекеттері:
Мұғалім оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әңгімелесуге шақырып, төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
- Ғылым саласы нешеге бөлінеді?
- Жаратылыстану саласына жататын кәсіп түрлерін ата?
- Білім және гуманитарлық ғылым саласы немен айналысады?
- Білім және гуманитарлық ғылым саласындағы кәсіп түрлерін ата?
Оқушылардың жауабын толықтырып, қорытындылап болған соң мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсат қояды. Жаңа сабақты оқушыларға әңгімелесу түрінде түсіндіруге болады. Ол үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- Мұражай не үшін керек?
- Мұражай экспонаттары қалай жиналады, сақталады?
- Мұражайда жұмыс істейтін туыстарың, таныстарың бар ма, олар қандай жұмыстар атқарады?
- Ақыртас аспан асты мұражайында болдың ба? Әңгімелеп бер.
Оқушылардың әңгімесінен кейін мұғалім жаңа сабақты жоспарға сай түсіндіреді.
Ақұштап Бақтыгереева → Мамандық таңдау
Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..
Тағы бір белгісіз және сұранысы аз мамандық -«Мұражай жұмысы және мүсіндерді қорғау». Осы мамандықтың негізгі сипаттамасы: мұражайтану, мемлекеттің мәдениет жөніндегі басқару ісі, мемлекет мәдениетін мен әдет - ғұрпын сақтау, туристік және халықаралық бизнес, мәдениет - білім саласы, тарихи құнды заттардың аукционы, және орта білім сферасы. Жұмыс істеу бағыттары: мұражай ісі; информациондық - коммуникатік; басқару жүйесі; көркем әдебиет саласы; мәдени, тарихи құндылықтардың сақталуы; туристік; педагогикалық. Мамандықтың мақсаты: мұражайлардың дамуы мен көркеюі; жаңа технологиялардың енгізу; Педагогика жағының дамуы; т. б. Негізінен Отан тарихын және дүние жүзінің тарихын білу қажет. Осы мамандық «творчество» қабілеті бар адамдарға жақын. Яғни тек өзінің ойына, күшіне сенімді болу керек Әлем мұражайы тақырыбына арналған бейне роликтер топтамасын көрсетуге болады (htt: www. hothead hotheadi: nes. ru/france/paris/place)
1. Мұражай жұмысының әдіскері.
Жұмыс сипаты.
Ол өзіне сеніп тапсырылған коллекцияларды зерттейді, талдайды, сипаттама жасайды және олардың сақталуына бақылау жасайды, заттар, құндылықтар мен құжаттарды, көрмелерге, жаряланымдарға және білім беру бағдарламаларына енгізілуі үшін оларды қалпына келтіреді.
Осы саладағы әдіскер коллекциялардың жоғалмауын қадағалайды және басқа мамандармен бірге жұмыс істейді. Ол түрлі білім беру және публицистикалық бағдарламалар жасауға, семинарлар мен курстар өткізуге және өз коллекциялары тақырыбында ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі. Мұражай әдіскері негізінен материалдық заттармен және тарихи ескерткіштермен жұмыс істейді.
Жұмыс жағдайы.
Жұмыс күні реттелген. Ол экспонаттар мен материалдарды сақтау үшін қажетті белгілі бір ылғалдық пен температуралық Тәртібі сақталатын лаборатория мен кеңселерде жұмыс істейді.
2. Тарихшы. Археолог.
Археология тақырыбына арналған «Империя Египета» (http;//poigratm - online. ru/video/hauka/smotret), « Подземные города»( htt://lvov - citysocial. ru), « Запретная археолагия» (htt://starpublication. ru/video - online/ сайттарындағы бейне роликтер топтамасынан көріністер көрсетуге болады.
Жұмыс сипаты.
Тарихшы уақыт пен кеңістіктегі процестер мен оқиғалардың аса күрделі бірлігі болып табылатын адамзат қоғамының өткенін зерттеумен және талдаумен айналысады. Тарихшы белгілі бір елді немесе аймақты белгілі бір уақытта немесе өткен заман кезеңін ( ежелгі тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихы) зерттеу және белгілі бір проблемалар кешенін - қоғамның саяси - мемлекеттік, экономикалық, саяси және әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық өмірін зерттеу бойынша мамандана алады.
Өз жұмысында ол эфиграфия (жартастағы жазбалар, мен суреттер, құлпытастағы жазбалар ), сипаттама дерек көздері, статистикалық, археологиялық, архивтік, этнографиялық, ауызша (аңыздар, жырлар, ауыз әдебиеті) тәрізді сан алуан ақпарат көздерін пайдаланады. Қоғамның қалыптасуын, дамуын, қызметін, даму заңдарын тек тарихшылар зерттеулері негізінде ғана білуге болады.
Археолог өткен дәуірлердің мәдени және тұрмыстық заттарына жататын материалдық көздер, адамзат қызметінің жемісі болып табылатын барлық бұйымдар бойынша адамзаттың өткенін зерттеумен айналысады. Археолог қазба жұмыстарында табылған заттардың сипаттамалары мен нәтижелерін зерттейді және жариялайды, осы деректер бойынша адамзаттың өткен тарихын қалпына келтірумен шұғылданады.
Тарихтың археологиядан басқа құрамдас бөліктерінің арасындағы маңыздылары мыналар болып табылады:
- Этнография мен этнология - халықтар мәдениетін сипаттау мен зерттеу;
- Антропология - адам эволюциясының қалыптасу және даму процесін зерттейтін ғылым;
- Шығыстану - Азия мен Африка халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттейді. Как создовались Империи Египета» (http;//poigratm - online. ru/video/hauka/smotret),
Тақырыбындағы бейне роликтен үзінді көрсетуге болады.
«Жұмыс жағдайы.
Тарихшы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ол кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттарда қажетті ақпарат жинайды.
Археолог пен этнограф маусымдық және жыл бойы жүргізілуі мүмкін далалық зерттеу жұмыстарына қатысады.
Талаптар.
Абстракциялық, шығармашылық, логикалық ойлау. Тарих - ой мен интеллектінің күші аса зор міндет атқаратын ғылым.
Жақын қызмет түрлері.
Әлеуметтанушы, саясаттанушы, философ, өнертанушы, мәдениеттанушы, дінтанушы(теолог) Оқушылардың тақырып бойынша білімін тереңдетіп, дамыту үшін өз беттерінше кітапхана және баспасөз материалдарымен жұмыс істеуге тапсырмалар беруге болады.
Тапсырмалар түрлері:
Киелі Құлан.
Өлке мұражайының экспонаттары.
Тарихи тағылымдар т. б.
Мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы, археолог
- myrzakulova saltanat
- 31 мам 2014
- 5458
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мұражай жұмысының әдіскері, тарихшы, археолог мамандарының жұмыс сипаты
Ұқсас жаңалықтар:
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Математик, физик, астроном
Білімділік: жаратылыстану бағытындағы қызмет түрлерімен таныстырып, математик, физик, астроном мамандарының жұмыс сипаты, еңбек жағдайы, кәсіби...Биолог, географ, химик
Сабақтың мақсаттары: білімділік: жаратылыстану бағытындағы қызмет түрлерімен таныстырып, биолог, географ, химик, эколог мамандарының еңбек жағдайы,...Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебі физика және информатика пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы...Жанбай ауылының демографиялық жағдайы
Атырау облысы, Исатай ауданы Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектеп 10 сынып оқушысы Бақтығалиева Тілекші Жетекші: физика және...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.