Сайтқа кіру Тіркелу

Түлік төлден өседі

Құрметті ұстаздар және ата - аналар!
Бүгінгі 1 «г» сыныбындағы «Түлік төлден өседі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Осы жерде тәрбие сағатты жүргізетін екі оқушыны ортаға шақырамын.
Жанкүміс
Нұрсұлтан
Ж: 1. Жанкүміс
Қазақ халқы ежелден мал өсірумен айналысқан халық. Олар малдың тіршілік табиғатын, өрісін, қадір – қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың өнімдерін: етін, сүтін, терісін жүнін тіпті сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған.
Ж: 2. Нұрсұлтан
Осы халқымыздың ата кәсібі күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Біз бүгін осы «Төрт түлік» туралы оның бізге берер пайдасы туралы жете түсінік алып білгенімізді ортаға саламыз.
Ж: 3. Жанкүміс
Енді төрт түлік малға нелер жататынын айтайық.

Ғалымжан (1)
Қой қозысымен, түйе ботасымен, жылқы құлынымен, ешкі лағымен, сиыр бұзауымен төрт түлік малға жатады.
Жүргізуші: Нұрсұлтан
Енді осы әрбір малдың атасы бар.
Ғизат
Қой атасы – Шопан ата
Сиыр атасы – Зеңгі баба
Ешкі атасы – Сексек ата
Түйе атасы – Ойсылқара
Жылқы атасы – Қамбар ата
5. Нұрсұлтан
Енді осы төрт түлік малдарды ортаға шақырамын.
Сиыр (Нұршат) (2)
Сәйгел тисе, мөңкіген
Оңыра тисе, жөңкіген
Ала бас жіп естірген
Мұрнын тура тестірген
Саздау жерген тоқтаған
Үй арасын қақтаған
Сиыр деген мал екен
Қой (Жансейт) (3)
Қорасында маңыраған
Қозысымен жамыраған
Қозысынан айырылса
Қоймай ұзақ аңыраған
Аппақ, қою сүті бар
Ақ шағала құрты бар
Ақтылы қой жануар
Ешкі (Айнұр) (4)
Баста десе бастаған
Қайырып мүйіз жасқаған
Жанына лақ келгенде
Сүзіп сүзіп тастаған
Тастан – тасқа секіріп
Ойнағанын қайтерсің
Жауын жауса қорғалап
Ешкі деген жануар
«Шек» десе де иесі
Болмағанын қайтерсің
Түйе (Жазира) (5)
Маң маң басқан, маң басқан
Шудаларын шаң басқан
Екі өркешін қом басқан
Төрт аяғын тең басқан
Тілін тікен теспеген
Мұрындығы келіскен
Ала бота жегені
Ащы құрап теріскен
«Шөк» дегенде «бық» деген
Шешіп үйін жүктеген
Жылқы (Ғалымжан)
Жылқы ер қанаты. Ол суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ сондықтан күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі жорғасы, аяңшылы, желігіші, жүк артқышы болады.
Ж: Жанкүміс
Енді ортаға төлдерді шақырамын.
Құлыншақ (Лаура) (7)
Мен құлыншақ құлыншақ
Әр бір жерге ұрыншақ
Желбіретіп тұлымшақ
Шапқылаймын күнұзақ
Өсіп тұлпар болайын
Бас бәйгені алайын
Бұзаухан (ғизат) (8)
Мен бұзаумын, бұзаумын
Жиі өрістен ұзауым
Тілмен мұрынын жалаймын
Тазалықты қалаймын
Сиыр болам сүт берер
Балаларға күш берер
Лақ (Дәметкен) (9)
Мен лақпын, лақпын
Секеңдеген шұнақпын
Кедергі емес тас маған
Ешкі қойды бастаған
Деген сөзді растаған
Қорқақты артқа тастаған
Қошақан (Нұрбол) (10)
Мен қошақан, қозымын
Момақанның өзімін
Қойдан бөлек лақпаймын
Секірмеймін лақтайын
Жетеді оған төзімім

Мен ботамын, ботамын
Ойсыл қара атаның
Ұрпағына жатамын
Ойнақтаймын баладай
Жалғыз қалсам дала – дай
Боздап дауыс қатамын
Ж: Жанкүміс
Төлдер әнін орындаймыз.
Ж: 7. Нұрсұлтан
Енді осы «Төлдер айтысы» атты көріністі тамашалаймыз.
Ж: Жанкүміс
Бір күні төрт түлік малдың төлдері жиналып қалады. - Иеміз қайсымызды жақсы көреді деп бірінен бірі сұрасыпты.
Бота (Олжас) (12)
Мал қадірлісі біз. Адам біздің тәтті шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі біз болғанбыз. Менің жүнімнен неше түрлі киім жасалады.
Құлын (Лаура ) (13)
Бота сен осы орынсыз мақтанасың. Малдан ешқайсыңыз менен аспайсың. Біз майданның да, еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Қозы (Нұрбол) (14)
Ием мені жақсы көреді. Адамға мен пайдалымын. Аязға тоңбайтын жылы тондар, жылы киімдер менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бұзау (Ғизат) (15)
Сендер осы босқа мақтанасыңдар. Адамға пайдасы мына менмін. Шелек – шелек сүт, қарын – қарын май, құрт ірімшік бәрі менен алынады. Ием мені жақсы көреді.
Лақ (Дәметкен) (16)
Ием мені жақсы көреді. Менің сүтім, етім, түбітім өте қажет.
9. Ж: Жанкүміс
Төлдер өздерін мақтап көп таласады. Бірінің сөзіне бірі көнбей, ақыры иесіне келіп сұрайды.
Иесі (Ғалымжан) (17)
Сендер босқа таласпаңдар бәріңде пайдалысыңдар. Әрқайсыңыздың өз орындарың бар.
10. Ж: Нұрсұлтан
Төлдер осы сөзге тоқталады да тарайды.
11. Ж. Жанкүміс
Әр бір ана өз баласын «ботам», «қозым», «қошақаным» деп жақсы көреді. Ал мал да өз төлдерін былай сүйеді.
Қалдыгүл (18)
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» – деп
Назгүл (19)
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Зарипа (20)
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп
Анар (21)
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тасстан тасқа секірген «шұнағым» деп
Салтанат (22)
Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» - деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп
12. Нұрсұлтан
- Біз өмірде күнделікті көріп жүреміз. Әр малдың дыбыстап шақырылуы бар.

Қой (Лаура) (23)
Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасын? Пұшайт 2
Ешкі (Дәметкен) (24)
Жауын жауса бақырған
Ешкі атасын шақырған
Өрісте өскен жануар
Шөкетайым қайдасын? Шөре 2
Жылқы (Нұршат) (25)
Жолға шықсам көлігім
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген
Құлыным менің қайдасың? Қырау 2
Сиыр (Жазира) (26)
Тілімен мұрынын жалаған
Тілімен бойын тараған
Көкке мұрынын шиырып
Көз төңкеріп қараған
Әукешім менің қайдасың? Аухау 2
Түйе (Анар) (27)
Екі көзі танадай
Екі өркеші баладай
Елпеңдеген ойнақтап
Енесіне қарамай
Ойсыл қара баласы
Ботақаным қайдасың? Көс – көс
13. Жанкүміс
Әр бір малдың сыры өз жыры және пайдасы болады.
Ешкінің ережесі (Салтанат) (28)
Таппайтұғын еш тыным
Шекшек ата ешкімін
Жылы менің түбітім
Ежелден ақ сүтім ем
Босқа өтпейді еш күнім
Байыптымын естімін
Той бастаған адамдай
Қой бастаған ешкімін
Жылқы жыры (Нұрбол) (29)
Қамбар ата жылқымын
Жеймін шөптің түр – түрін
Дертке дауа қымызым
Беріп арқан қыл түгім
Жорғалаймын желемін
Болат тұяқ сенерім
Келе қалса қасекең
«Мөр» де басып беремін
Түйенің түйгені (Зәрипа) (30)
Ірі менің сүйегім
Ойсыл қара түйемін
Ежелден ақ ел білген
Күш қуатқа иемін
Қайтқан емес меселім
Құла құмды кешемін
Жүре берем жүк артып
Су ішпей – ақ неше күн
Сиырдың сыры Айнұр (31)
Ел аузынан түспеген
«Зеңгі баба» құт деген
Балалар тез өссін деп
Шелек – шелек сүт берем
Ай мүйізді сиырмын
Баққандарға үйірмін
Келе қалса қасекең
Тесіп берем бүйірін
Қойдың ойы Қалдыгүл (32)
Талайлар – ақ дөй деген
Біздер жайлы сөйлеген
Момын әрі пайдалы
Біз боламыз қой деген
Шопан ата түбіміз
Ұмытпаймыз мұны біз
Жұрттың бәрі ұнатқан
Жұмсақ жібек жүніміз
14. Нұрсұлтан
«Ақтайлақ» әнін орындаймыз.
15. Жанкүміс
Енді төрт – түлік туралы мақал – мәтелдер айтайық
Түлік төлден өседі (Лаура)
Мал баққанға бітеді (Назгүл)
Малды баға біл
Бабын таба біл (Нұршат)
Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір (Дәметкен)
Нар жолында жүк қалмас (Жансейіт)
Жылқы ер қанаты (Шарапат)
Малды бақсаң сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан (Қалдыгүл)
Қойшы көп болса
Қой арам өледі. (Ғизат)
Түйе бойына серіп
Жылдан құр қалған (Жазира)
Аттан тай озады
Атадан бала озады. (Ғалымжан)
Аттан айырылсаң да
Ер тоқымынан айырылма (Айнұр)
Сиырдың сүті тілінде (Зәрипа)
Түйе – байлық
Қой – мырзалық
Жылқы – сәндік (Салтанат)
Бір түлікке бай болғанша
Әр түлікке сай бол (Анар)
Мал баққандікі
Жер жыртқандікі (Олжас)
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді. (Нұрбол)
Семіздікті қара қой көтерер (Шарапат)
Дала көркі мал
Өзен көркі тал (Ғизат)
16. Нұрсұлтан
Енді тиым сөздерге кезек берейік.

Малды сатқанда бас жібімен бермейді. (Лаура)
Малды теппе
Ақты төкпе (Назгүл)
Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. (Жансейіт)
Мал қораға дәретке отырма. (Дәметкен)
Жылқының тұсауын
Малдың өрісін бұзба (Жазира)
Малға теріс мінбе (Қалдыгүл)
Малды басынан ұрма () Анар
Ән: Қошақаным қайда екен?
Ж: Жанкүміс
Жұмбақ Ол не?
Көкке шаншып құйрығын
Шауып келді жүйрігім
Ол не жібек тұлымды?
Оқушылар: Білеміз ғой құлынды.
Нұрсұлтан
Менің атам бақты оны
Үстінде бар ақ тоны
Ол не төлдің бозымы?
Оқушылар: білеміз ғой қозыны
Жанкүміс
Өнері бар сан қилы
Тастан тасқа қарғиды
Ол не шұнақ құлақты?
Оқушылар: білеміз ғой лақты
Нұрсұлтан
Кетпейді ұзақ желіден
Жайылуға ерінген
Ол не айыр жоталы
Оқушылар: білеміз ғой ботаны
Жанкүміс
Енді санамаққа кезек берейік.
Бір дегенім – баспақ
Бұзауды жүр бастап (Салтанат)
Екі дегенім ешкі
Ешкі қайдан есті (Анар)
Үш дегенім үйрек
Жем бер қолға үйрет (Зәрипа)
Төрт дегенім тайлақ
Тайлақты қой байлап (Қалдыгүл)
Бес дегенім бие
Құлынына ие (Шарапат)
Алты дегенім атан
Мініп жүрген – атан (Ғалымжан)
Жеті дегенім жорға
Жорғаны мін жолға (Айнұр)
Сегіз дегенім сиыр
Сиыр тұзға үйір (Ғизат)
Тоғыз дегенім тоқты
Тоқты жемді соқты (Дәметкен)
Он дегенім осы
Төрт түліктің досы (Нұршат)
Қорыту
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×