Сайтқа кіру Тіркелу

Менің әжем!

Әже - баланың әкесінің, сондай - ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі.

Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған. Абайдың өзі кішкентай кезінен әжесі Зеренің ертегілерін тыңдап өскен. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойғандығы естеріңде ме? Ол қандай өнеге сөз еді? «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер - білім»

Мақсаты: Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы әжелерді құрметтей білу. Осындай салт - дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелерді қадір тұтуға үйрету. Оқушылардың әжелерден естіген ақыл сөздерін, істерін есте сақтай отырып, танымын кеңейту, ұлтына жанашыр, ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, ұлы адамдардың портреттері, техникалық құралдар.
Түрі: кездесу
Тәрбие сағатының барысы:
«Бесік жырын» үнтаспадан тыңдау.
Мұғалім:
- Кімнің дауысын естідік? Яғни баланың әкесінің сондай - ақ анасының шешесін кім дейді? Сонымен әже сөзін естігенде көз алдарыңа қандай адам елестейді? Әже деген қандай адам деп ойлайсыңдар?
Әже - баланың әкесінің, сондай - ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған. Абайдың өзі кішкентай кезінен әжесі Зеренің ертегілерін тыңдап өскен. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойғандығы естеріңде ме? Ол қандай өнеге сөз еді? « Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер - білім»
Ал балалар, қайсымыздың әжеміз бар? Сендерді қалай еркелетеді?
Олай болса бүгін бізге қонаққа Базарбек әжесімен келіп қалған екен.
Ортаға қошеметпен Базарбекті әжесімен шақырайық.
Базарбек: Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып берер тағы әжем.
Әжеміздің ертегісін тыңдайық.
Қонаққа келген әжемізге арнап сый - құрметімізді көрсетейік. Кәне әже туралы, ана туралы кім қандай тақпақ өлең, әндер біледі екен?
Бізге әжеміз де құр келмепті. Әжеміздің сауал толы қоржыны бар екен. Сол қоржыннан сұрақтар алып жауап берейік
Сұрақтар:
1. Ұлттық ойындарды ата.
2. Төрт түліктің төлдерін ата.
3. Сиыр сүтінен жасалатын тағамдарды ата.
Шығармашылық тапсырма. Өлең құрастыру.
Мен әжемді...
Киімді өзім...
Ақылына...
Үлкен болған...
Сыйлы болам...
Яғни балалар сендер үлкен болғанда әжелеріңе қандай сый құрмет көрсетесіңдер? Мысалы ақындар өлең шығарса, суретшілер портретін салып өздерінің әжесіне деген құрметтерін көрсетіп жатады.
«Батаменен ел көгерер, Жаңбырменен жер көгерер» демекші әжемізден бата сұрайық.
Әжемізге қандай тілек білдіреміз.
«Адал бол,- деп немерем»
Әділдікке үйреткен,
Жүрегінде махаббат
Тілегінде мархабат,
Әжемізге мың алғыс!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×