Сайтқа кіру Тіркелу

Отаным – алтын бесігім

Тақырыбы: «Отаным – алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар өзінің елін, жерін, тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу. 2. Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.

Сабақтың әдісі: Әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы, еліміздің рәміздері, Шәкәрім Құдайбердиев, Абай Құнанбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин суреттері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Мемлекеттік Әнұран айтылады.
Мұғалім: Отан, Отан
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!
Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-
Байқайсың ба, байтақ далам қалай паң,
Өң бойыңнан өзгеше бір тарайды ән!
Ән салдырып, тамсандырып әлемді
Аппақ сүттей келеді атып арай таң -
Дегендей, Егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.

Оқушылар « Елім менің» әнін орындайды.

1. Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктердің бірден - бір бастауы – халық.
Ең бірінші байлығым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса – мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар!?
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі –
Баға жетпес асыл ән.
Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар? Туы, Елтаңба жөнінде......
1 – оқушы: Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

1 – оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің, қазақ халқының ұлттық туы.

2 – оқушы: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы бар.

Шаңырақ – бейбітшілік пен тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық деген сөз.
Мұғалім: Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді данышпан жан табалық
Ал, енді олай болса, кімді алалық?...
Оқушылар: «Атаның емес, адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.
Мұғалім: Жалыналық Абайға, жүр баралық,
Білімді сол кісіден ізденелік!
Әдейі іздеп біз келдік Сізге делік!
Оқушылар: Шіркін, ақынның асыл сөздері - ай!
«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер....»
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,» - деген де Абай емес пе еді...
Бізге бақытты, бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.
Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×