Тақырыбы: Біз өз құқығымызды білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімін арттыру.
2. Заңды өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Плакаттар, буклеттер т. б.
Сабақтың әдісі: Әңгіме - сайыс.
Сабақтың барысы: Сабақ ҚР Әнұранымен басталады.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Сен өз құқығыңды білесің бе?" деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы тақырып бүгінгі сабағымыздың арқауы болып отыр?
Оқушы: Өйткені біз демократиялық жолда дамып бара жатқан ҚР азаматтарымыз. Біздің Конститутциямыздың І - бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Мұғалім: Ал Конститутциямыздың 12 - бабында адам құқықтары жөнінде не делінген?
Оқушы: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолдануы осыған орай анықталады".
Сұрақ: Адамның бұлжымас құқықтарына не жатады? Адамның бұлжымас құқықтары ҚР Конститутциясы бойынша сөз бостандығы және өз ойын айту, ар - ождан және діни наным, жиналыс, бірлесу т. б.
Сөз және өз пікірін айту бостандығын кез - келген демократияның өмірлік күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.
Оқушы: Менің түсінуім ше менің құқығыма нұқсан келтіріп тұр деп есептесем, мен өз ойымды ашық айтуыма болатын сияқты. Бірақ, неге мен өз құқығымның сақталуын талап ете бастасам, үлкендер маған ұрсып тастайды. Ал мамам айтады: "тыныш жүрген тоқ жүреді" және қазақта мақал бар "Тура айтқан туысына жақпайды", сондықтан пәледе нең бар, елдің істегенің істей берсейші - дейді.
Оқушы: сен саған былай деп мақалмен жауап қайтарсам деймін. Егер сен өз құқыңды заң негізінде дәлелдеп бере алсаң, атамыз қазақ айтқан ғой "Аталы сөзге арсыз тоқталмас" - деп, ол адам арсыз болмас, сені түсінеді деп ойлаймын.
Мұғалім: Міне, балалар, өз құқығымыздың сақталуы көбінесе өз қолымызда екен.
Сұрақ.
1. Құқық дегеніміз не?
Оқушы: Құқық дегеніміз қоғамыздағы бекітілген нормативтердің орындалуы.
1. Коммерциялық автобустарда айлық оқушы билетімен жүруге құқымыз бар екендігін білдік.
2. Қоғамымызда құқық бұзушылық болмас үшін, әр адам өз құқығын жақсы білу керек.
3. Біреудің құқығы, біреудің қоғамдағы парызы.
4. Егер адам өз құқығын жақсы білсе, онда ол біреудің де құқығын бұзбауға тырысады, өйткені онда ол заң алдында жауап береді. Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын.
Біз өз құқығымызды білеміз бе?
- ramuk_b
- 4 сәуір 2014
- 6857
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оқушылардың құқықтық білімін арттыру, өз құқығыңды білесің бе
Ұқсас жаңалықтар:
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау,...Құқық бұзушылық және жасөспірім
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық...Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық...Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосының Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы Тақырыбы: Құқықтық...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.