Тақырыбы: Нашақорлық және құқық бұзушылық
Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау
Ұраны: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
«Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан
қол үзбе»
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Әдісі: тренинг, пікірталас, кездесу
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу
1І. Ой қозғау
Екі топқа да ортақ бір сұрақ қою, оған жауап алу.
Салауатты өмірге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді деп ойлайсыз?
ІІІ. Олай болса, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Нашақорлық және құқық бұзушылық»
ІV.«Қоғамымыздың дамуына жат қылықтар» атты оқушылардың дайында
ған поэтикалық мәтінді тамашалайық.
1496 жылы мұхитан өтіп, арал жағасына шыққан соң жартылай жалаңаш адамдардың қолдарына жанған шала ұстап, оны мезгіл – мезгіл түтіндетіп, жарқ жұрқ еткізіп келе жатқанын көрдік, ал жақындағанда олардың екінші қолдарында бір өсімдіктің жапырағы бар екенін байқадық та, елімізге алып келіп, ғажайып өсімдікті егуді ұйғардық. Біздің Испанияда бұл өсімдік әдемілікке, сәндікке өсірілсе, кейіннен бүкіл Европаны оба жайлағанда халықтың есін жидырып, тыныштандыру үшін дәрі – дәрмектің жоғынан осы өсімдікті дәрі ретінде пайдалана бастады. Сол алданыш болған өсімдік осы темекі еді.
VІ. Ендеше барлығымызда «Денсаулық салауатты өмір кепілі»атты
аттестациялық анкета тапсыруымыз керек. Бұл анкетаны тренинг түрінде өткізейік.
Нарколог:
Ал ендеше халайық осы отырған барлығымыз анкета жазуға дайындалайық.
1. Наша, нашақор, нашақорлық дегенді қалай түсінесің?
2. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 1 млн. Гектар жеріне егілген аждаһадан қалай құтылу керек екендігі туралы қандай кеңес берер едің?
3. Қандай наркотикалық заттарды білесің? (топтастыру)
Есірткі бизнесінің әлемдегі, Қазақстандағы ірі орталықтары (топтастыру)
4. Есірткіге байланысты туындайтын қылмыс түрлері. (топтастыру)
5.”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз.
1 оқушы. Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләззатті өмір бойы іздеумен өтеді. Бір рет иіскеп көр, одан ештеңе болмайды деген сөзге ерсек, ол адам организмімін тез улап, жүйке жүйесін тез улайды. Одан адам тез өліп кеткенін білмей қалады.
2 оқушы: Адамның өзінен - өзі бұзылып кетпейтіні түсінікті ғой. Біреуге – біреу ықпал етеді. Жастардың арасында мода деген түсінік қалыптасқан. Еліктейді, біріне – бірі артық болып көрінгісі келеді. Қазір оның үстіне не көп түнгі клубтар көп. Нашаның басты таратылатын орны – осы түнгі клубтардағы дискотекалардан басталады. Сондықтан жас ұрпақ буыныңды үсікке шалдыра көрме.
3 оқушы: Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе дағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке шешем мен үшін жүгіріп жүр ау, ертең ел – жұртқа қалай қараймын», яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу – «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам!» деп, есірткіні ойлаумен болады. Тіршіліктің бар мәні осы ғана деп түсінеді.
4 оқушы: Соңғы мәліметке сүйенсек, 13 - 15 жас аралығында жасөспірімдер айықпас удың тұтқынына айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30 - дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін, бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.
5 оқушы. Бүгінгі жастардың ой арманы, мақсат – мүддесі, тілегі тіршілік тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Сол себептен жастарды тұрмыс – салты орнықты, күш - қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарында көруіміз керек. Есірткіні алғаш қолданар алдында ең алдымен ойлан. Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа.
6 оқушы. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де қарсылық таныт!
6. Мына мақал – мәтелдің, сөздің мағынасын қалай түсінесің?
1. Шылымды әр тартқаның,
Табытыңа темір шеге қаққаның
2. Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын.
7. Ұрпағымыздың зиянды әдеттерден қорғана білуі үшін қандай кеңес және көмек беруге болады деп ойлайсың?
Сонымен балалар сөзімізді қорытындылай келе,
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік! дегім келеді.
Нашақорлық және құқық бұзушылық
- ramuk_b
- 4 сәуір 2014
- 34903
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нашақорлық және құқық бұзушылық, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Мен өмірді қалаймын!
Салауатты өмір салтын ұстайық Есірткімен күресті біз бастайық Сананы улап, құртатұғын өмірді Нашақорлық, есірткі - бұл қастандық...Есірткіден аулақ болайық, ағайын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп - лицейдің 7 - Б сынып оқушысы Ешмұратов Бекзат...Нашақорлық және құқық бұзушылық
Мақсаты. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер...Нашақорлық Қазақстан болашағына қауіпті
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Н.К.Крупская атындағы орта мектептің экономика мұғалімі Сауытбаева Гүлжазира Серікбайқызы...Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанова Нұржауған Кәдірбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.