Тақырыбы: Мұнайлы қалам - Жаңаөзен
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, буклеттер, слайд
Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру
Мұғалім: Құрметті: ұстаздар, оқушылар!
Жаңаөзен қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 1 «Б» сынып оқушыларының «Мұнайлы қала - Жаңаөзен» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер..
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
- Облысымыз қалай аталады?
- Біз қай мектепте оқимыз?
Кіріспе: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру. /слайдтан көрсету/
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға 45 жыл толып отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан бар: оның 6 шағын ауданы – көп қабатты үйлер, қалғандары жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес Теңге(қазақ ауыл депте айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22 мектеп, 20 дан астам балабақша, "Мұнайшы" мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық коллкдж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар.
Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы - мұнай және газ өндірістері. Ауыл шарушылығынан түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамыған. Бұдан басқа тігін фабрикалары, сүт зауыттары, нан зауыттарыда бар.
Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік./ слайдтан көрсету/
Ақбота Ақару
Жаңаөзен мұнайшылар астанасы Өлкемнен мұнай мен газ табылады
Жаңаөзен «қара алтынның» бас қаласы Қоймаға «қара алтындар» ағылады
Жаңаөзен, Елбасы өзі қамқор болған Еңбекқор аймақтағы ағалардың
Жаңаөзен жаңа ғасыр бастамасы Бар әлем куә болар бағына әлі
Елімнің құты – мұнай берекелі Маңғыстау деген маң қала
Белгілі Маңғыстаудың жері екені Теңізге төнген сән қала
Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек Мұнайлы биік мұнара
Жиырма екі жыл «Егемендік» мерекені Алдыңнан өткен аруана
Қазақстан жерінде Өзім туған өлкеме
Маңғыстау деген өлке бар Құлшына мен қараймын
Маңғыстаудың байлығы Маңғыстауым - Отаным
Мұнайымен табылар Мен кішкентай баламын.
Маңғыстау - туған елім, өскен елім Қарқұйрық қойнында асыр салған
Маңғыстау - сенсің менің, туған жерім Аңшылық кәсіп болып мұра қалған
Төбеңде ақша бұлт пен күн ойнаған Үстірт қорық мекені талай аңның
Бір Бекет қолдап жатқан маңғаз едің! Қыран бүркіт шыңына ұя салған
Каспийдей шалқып жатқан теңізім бар
Газ бенен мұнай атты егізің бар
Кем емес нулы, сулы Жетісудан
Маңғыстау бұл дүниеде киелі өлкем
Атқа қонсам сыйынам Бекетім деп, Маңғыстау - маржанды өлке, бұйрат таулы
Әу, бастан, дарыған ғой киелік кеп Ақ маядай көз тартар шоқылары
Құлдырап құлын даусым шығады әлі Кербез сұлу табиғат Алла берген
Үш жүз алпыс әулием қолдасын тек! Ақ ниетпен арманға шақырады.
Қаратау, Ақтауларым тізбектелген Төсінде ақбөкендер суаттаған,
Қойнауы бұлақтармен өрнектелген Қарақұйрық сағыммен тұрақтаған.
Түгі шыққан боз жусан, жайылымда, Құпия маң далам - ау тіршілігің,
Ырысты төрт түлігі толы неткен! Көргенде арыламын сұрақтардан.
Маңғыстау қазынасын жиып берген Тұлпарын ерттеп мініп ақындықтың
Аямаған ән - жырын сүйікті елден Жырларын өрнектеген жасын шықтың
Дариядай толқыған шабыттарды Әбіштер, Фаризаларға қуат берген
Шайырлардың көңіліне құйып берген Тұқымын сепкен өлке асылдықтың
Тарихы бар өзіндік шоқы қырдың
Беті бар ашылмаған талай сырдың
Өлкемнің мол мұрасын зерделеген
Еңбегін бағалаймын Серікболдың
Туған жер туралы мақал - мәтелдерге кезек берейік
1. Ел мен жер егіз
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Өз елім - өлең төсегім
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке жылы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай ендігі кезекті әнге берейік.
Ән: Ақарудың орындауында «Достық» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Жас дәрірдің түлегіміз»
Гимн: «Менің Қазақстаным»
Қорытындылау:
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Мұнайлы қалам-Жаңаөзен
- Рысгүл72
- 7 ақпан 2014
- 22359
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Маңғыстау, Жаңаөзен қаласы, мұнай
Ұқсас жаңалықтар:
Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Туған жердің торғайы да сүйкімді. Туған жердің торғайы Тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, Қыздары айдай көрінер....Маңғыстау экологиясы
Мақсаты: Оқушылардың табиғи ортаға, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, Отанына деген көзқарастарын...Әулиелер мекені – Маңғыстау
Отан, туған жеріміз Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюі, ұлтын...Туған өлке – тұнған шежіре
Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру....Туған жер - тал бесігім
Тақырыбы: Туған жер - тал бесігім Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.