Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат - менің өз үйім»
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, аялай білуге үйрету. Оларды табиғат ғажайыптарымен және табиғат құпиялары туралы мағлұматтармен таныстыру. Өз елінің, жалпы адамзат табиғатын қорғай білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Табиғат тамашалары. Фото – стенд.
Тәрбие сағатының түрі: пікірлесу.
Әдісі: ой қозғау
Тәрбие сағатының өтілу барысы:
I. Ой ашу.
- Табиғат деген не?
- Табиғатта қандай ғажайыптар бар деп ойлайсың?
- Табиғат құпиялары дегенге қалай түсінесің?
II. Ой қозғау.
Табиғат менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат тылсым дүние. Бір сәт көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, биіктеп ұшып барасың, алысқа көтеріліп биіктеп барып, бос кеңістікке келдің, қандай күйде болар едің?
Ештеңе жоқ, тек қана бос кеңестікте қалықтап ұшып жүресіз. Сен мұндай жерде тұрғың келер ме еді? Әрине, тұрмас едің.
Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды. Осы табиғатты қорғау керек дейміз, қалай қорғауға болады?
Оқушылар пікірін тыңдау:
(Суды үнемдеп пайдалану, ағаштарды сындырмау, құстарға тимеу, жұмыртқасын алмау, дала аңдарына тиіспеу сияқты мәселелер жөнінде пікірлесу)
Ертегі: «Кішкентай бұлақ»
Ертегіден нені байқауға болады, әрине татулықты, адамдардың өмірі үшін кішкентай бұлақтың сонау алыс жерден келіп, адамдарға таза су ішкізуі, адамдардың қатыгездігі, табиғатқа жандарының ашымауы туралы айтылған.
III Ой - толғаныс.
Сен табиғатты қалай қорғар едің?
- Табиғатты көркейту мақсатында қандай шаралар атқарар едің?
- Табиғат әрбір адамның үйі, ендеше оны әрқашан қорғап жүрейік, таза етіп, сұлу күйінде сақтай білейік. Ол үшін сендер күнбе-күн мектепке келгенде, үйлеріңе қайтқанда жолда сынған ағаш көрсеңдер жөндеп, ұша алмай жүрген құс болса, оның жарасын жазып көмектесіп жүріңдер. Ешқашанда табиғатқа жамандық жасауға болмайды.
Себебі: табиғат өзіне жасалған жамандықты ешуақытта кешірмейді. Сондықтан табиғатқа бар қолымыздан келген жақсылығымызды жасап жүрейік.
Табиғат - менің өз үйім
- Гульжанка
- 2 шілде 2013
- 50952
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табиғатты қорғау, судың қасиеті, тәрбие сағаты, бастауыш сыныптарына арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Жанды және жансыз табиғат
Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғатты қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру....Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....О, табиғат, өкпелімін өзіңе
О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Арамсаққа жалтыратып сөз бердің. О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Қызғаншаққа жалтыратып көз бердің....Табиғат
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектептін 2 "ә" класс оқушысы Құрманғалиев Ерғазы Русланұлы Мұғалімі: Нурманова Жадыра...Табиғат - тіршілік көзі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.