Сайтқа кіру Тіркелу

Әдептілік - әдемілік

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдармен қарым - қатынас дағдыларын жасауға баулу
Дамытушылық: Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелей отырып, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне жауапкершіліктерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру, ой бөлісу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сандық, шарлар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2мин)
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
ІІ. Сабақты түсіндіру: (8мин)

Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді атаймыз.
Ал, енді бүгінгі сабағымызда балалар «Адамгершілік – асыл қасиет» жайлы ой
өрбітеміз.
1. Әдепті болу үшін қандай қасиеттер бойымызда болу керек? Қане атап жіберейікші.
2. Әдепті бала қандай бала?
3. Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Балалар мен сендердің барлығыңды әдепті балалар деп ойлап, азғана болғанымен өте құнды сыйлық ала келдім. Ол мына бір әсем сандықта жасырылып тұр.
- Сандықтың ішінде не бар?! Көргілерің келе ме?!
- Ал неге отырмыз онда, қане ашып сыйлығымызды алайық.
(Әр оқушының пікірі тыңдалады)
Әдепті болу үшін өздерің айтқан қасиеттерді сыйлық ретінде мен сендерге сыйладым. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік – әдемілік екенін ұмытпайық!
Слайд арқылы ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласына тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білейік.

(Жүрекшелер үлестіріледі)
● Ал енді жүрекшенің бір жағына адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді, бір жағына адамгершілік қасиеттерді жазыңдар. Адамгершілікке жат қасиеттерді ешкім көрмесін.
● Жүрекшенің бір жақ жарты бөлігіндегі адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Адамгершілікке жат қасиеттер осымен кетсін.
(қоқыс жәшігіне жыртып тастайды)
● Адамгершілік қасиет жазылған жүрекшені жүрек жақ тұстарына іліп қойыңдар.

Сабақты қорытындылау (3мин)
Бүгінгі сабағымызды «Ақ тілек» жаттығуымен аяқтайық. (Презентация слайд арқылы «Ақ тілек» жаттығуы орындалады)
Шарларды алайық. Әр әдемі шармен бірге менің сендерге деген ақ тілегім де бар. Қолдарыңдағы шармен бірге берілген әдемі хатты ашып оқыңдар.
«Ақ тілек» жаттығуы
Құрметті оқушым! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Абай атамыздың ғибратты сөздері естеріңде болсын! Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білетін әдепті де әдемі бала болатындарыңа сенеміз!

Бағалау: Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы ойлар айтып, белсенділік таныттыңдар. Мен сендерге ризамын.
Үйге тапсырма: (2мин) Әдептілік туралы эссе (ойтолғау) жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×