Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті»
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні: Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың және рәміздер суреті
Әдісі. түсіндіру, сұрақ - жауап.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Еңбектің наны тәтті
2О12 жылы 2О қазанда Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласы 2 «б» сынып оқушылары арасында талқыланды. Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін еңбек етуге оқушыларды баулу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам» атты мақаласындағы атап көрсетілген тапсырмалары бойынша сынып жетекшілер айтып өтті.
Сонымен бірге еліміздің басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша білім беру саласындағы қызмет тиімділіктері және оқу тәрбиелік процестің жаңғыртылуы және қолжетімділігін жоғарылатуындағы еңбек ету бірінші кезектегі тапсырмалардың бірі екендігі айтылады.
Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің 2 б сынып оқушылары Елбасының ұсынып отырған әлеуметтік жаңғырту саясатын толығымен қолдап және оны іске асыру мақсатында өз міндетіміз оқуда жақсы жетістіктерге жету үшін еңбектенуіміз керек. Біз жақсы оқып Елбасымыздың саясатын тікелей басшылыққа аламыз деп сенім білдіреміз.
Сондықтан біздің әлеуметтік саясат бәсекеге қабілетті және күшті жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағытталуы тиіс. Елбасы еңбек қана елдің әлеуметтік әл ауқатын көтеретіндігін айтты.
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
3. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
4. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда қандай жетістіктерге жетуге болады?
Топтау.
Нақыл сөздер
• Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо до Винчи
• Рахаттың әкесі - еңбек. Ф. Вольтер
Тәрбие сағатын қорыту
Еңбек туралы мақал мәтедер айту
Ер дәулеті - еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек түбі - береке.
Көптің түбі мереке.
Ембек етсең - емерсің,
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ердің атын еңбек шығарады.
Бейнетсіз рақат жоқ,
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Еңбексіз өмір - сөнген көмір.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
Еңбектің наны тәтті
- райко
- 23 сәуір 2013
- 62085
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, еңбектің наны тәтті, әлемнің әміршісі еңбек
Ұқсас жаңалықтар:
«Көркем еңбек» пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар 1 сынып
«Көркем еңбек» пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар (1 сынып) «Көркем еңбек» пәнінен 1 сыныпқа арналған күнтізбелік – тақырыптық жоспар «Көркем...Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан....Еңбек түбі – береке
Бастауыш сынып мұғалімі Усмантаева Мутабар...Еңбек етсең емерсің
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Күлтөбе негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сыздық Гүлсара Лесбекқызы...«Еңбек түбі ― береке»
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Абишева Камшат Сырымқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.