Тақырыбы: Мен және менің қуыршағым
Мақсаты: Болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені бойына сіңіру, «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің жан - жақты сұлулықтың белгісі екенін түсіндіру, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
1 - жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
2 - жүргізуші: Жер - Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Бүгін сіздерге «Мен және менің қуыршағым» байқауын тарту етеміз.
1 - жүргізуші: Қыз емес, қыздың өзі алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2 - жүргізуші:
Мың бұралған қыздарымыз аңдып басып,
Келеді міне, ортаға толқып - тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
1. Ай секілді өзі де,
Сыңғыр – сыңғыр сөзі де.
Дильназ деген қызымыз
Әдемі ғой көзі де.
2. Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Аружан кейде ренжісе,
Түйіп алар қабағын.
1. Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата - анасы Ақләйлекке
Әдемі есім теңгерген.
2. Қуантады білімімен бізді Аңсаған
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз
Білімің серік болсын талабыңа
Бүгіні қабыл болсын тілегіміз.
1. Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Айымгүл бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.
2. Биші болу арманы, Сүйкімді қыз - Аймереке. Сәттілікті тілейді Болмасын саған ешкім қас. 1. Анасының еркесі, Әкесінің еркесі. Әп - әдемі Дананың Көбейе берсін тек бесі. 2. Досымыз бар арамызда, Үлгілі оқушы Тұмар. Ұйып тыңдап ұстазын, Тып - тыныш қана отырған.
(Ұлдар қыздарды ізетпенен сахнаға ертіп келеді)
2 - жүргізуші:
Кішкентай арулар келіп жетті танысуға
Бойындаға бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
1 - кезең. Өздерін таныстыру
1 - жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - дей келе, қыздардың өнерімен танысайық. Олар қуыршақ - тарымен қандай өнер көрсетпек екен? Қол соғып, қарсы алайық.
2 - жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан. 3 - кезең «Шебер қолдар» деп аталады. Қыздар қуыршақтарына арнап тіккен киімдер үлгілерін көрсетеді.
1 - жүргізуші: Максим, қыздардың қолынан бәрі де келетініне көзім жеткендей болды. Қыздарды осы біз, ұлдар, бекер ренжітіп жүрміз - ау деймін.
2 - жүргізуші: Әбдрахман, сөзіңе қосылам. Қыздар енді жемістерді сәнді етіп кесіп, тәрелкеге безендіруден сайысқа түсіп көрсін. Қыздар тапсырманы орындап болғанша, ер балалар болып, аналар мейрамына өлең жолдарын арнасақ деймін.
1 - оқушы:
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
2 - оқушы:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
3 - оқушы:
Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың
4 - оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз
5 - оқушы:
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
6 - оқушы:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
7 - оқушы: Бойға қуат береді
Әй, жарайсың дегені.
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді.
8 - оқушы: Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым
Қуантамын анамды.
9 - оқушы: Қамқорсың ана өмірде
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің
Ұшармын ертең көгіңде.
2 - жүргізуші: Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін көрдіңіздер. Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Барлық аналар мен аруларды құттықтап сынып оқушылары «Жан анам» әнін орындайды.
Мен және менің қуыршағым
- оспанқызы
- 11 сәуір 2013
- 11862
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қуыршақ, ана, тәрбие сағаты, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
«Анамызды аялайық!» Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық әйелдер күні екенін түсіндіру. Аналарын, әжелерін, апаларын, сіңлілерін сыйлауға, оларды...Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....Қыз еркем, кестесімен көркем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің математика пәні мұғалімі Картбаева Нурсая Айбатовна...Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Қыз өссе-елдің көркі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД 2012 жыл Сүлейменова Ақбота Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.