Тақырыбы: Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын
Мақсаты:
1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, көрісу туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Көңілді әуен жүріп тұрады. Оқушылар, қонақтар төрде дастархан басында отырады.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.
Жүргізуші:
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 - де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы - өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсыша «Нау - рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.
Жүргізуші:
Наурыз тойының ерекшелігі – күллі қазаққа ғана емес, барлық мұсылман баласына ортақ мереке.
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
Шашу шашылады
Жүргізуші:
Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ендеше Наурыз тойымыздың көжесіз сәні болмас.
Жүргізуші:
Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
(Барлығы «Қазақы дастарханым» әнін орындайды.
Жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.
Ал, қане, жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.
Қане, менің сақинам кімде екен? Ортаға шық!
Жүргізуші:
Қане айыбыңды қалай өтер екенсің? (Ұсталған оқушы Өнер көрсетеді)
Мұғалім: Бүгінгі мерекелік шарамыз Наурыз мерекесіне арналған болғандықтан, оқушылар, қонақтар наурыз туралы не білесіздер, соны мына отырған баршамызға айтып шықсаңыздар
(өз ойларын, білетіндерін айтады)
•. Наурыз - күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.
• Наурыз күні имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш..
• Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс молшылық бастауы.
• Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы. Т. б.
Әңгімелесу. Мұғалім:
- Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
- Халық даналығының мақсат - мүддесі неде?
- Халықтық дәстүрден қандай өнеге - үлгі алуға болады?
- Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.
Мұғалім: Ғ. Мұстафиннің дәстүр жайлы айтқанын сіздерге оқып бергім келеді.
Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы - жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.
Қазақ дәстүрі ата - ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас - жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.
Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай - ақ.
Ғ. Мұстафин
Бүгінгі сынып сағатымызда Наурыз мерекесімен бірге қазақ халқының бір дәстүріне жеке тоқталмақпын. Бұл көрісу дәстүрі. Наурыздың барша қазаққа ортақ емес бір жері бар, ол көбіне – көп кең - байтақ Қазақстанның батыс өңіріне ғана тән наурыздың алғашқы күні кішінің үлкенге, үлкеннің замандас, құда - жекжат, барлық мұсылман баласына қол алысып көрісуі. Бір қарағанда, ол – қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан игі дәстүр.
Ол жаңа жылдан басталып, келесі жаңа жылға дейін мән - мағынасын жоймайды. Наурыздың алғашқы күні кездескен екі адам бір - біріне міндетті түрде қос қолын беріп амандасады. Қол ұсыну кезегі жастікі. Бұл кейінгілердің аға ұрпақты сыйлауы, құрметтеуі. Яғни; бірінші жақ «қолымда еш нәрсе жоқ, ақ адал доспын, сізге Алланың нұры жаусын» десе, үлкені, міне «менде де ештеңе жоқ, саған да нұр жаусын, аман бол» дегенді білдіреді. Ал, оның астарында жақсылық – жамандық адамның қолымен жасалады, қол таза болса, ниет түзу, пейіл ақ деген ұғым жатыр. Көрісу біздің өңірде 14 наурыздан басталады.
Жүргізуші:- Көрісудің ерекшелігі қандай, апай?
Мұғалім: Көрісуде ер адамдар мен әйел адамдардың арасында шектеу болмайды. Тек атасы мен қайнағасы келіндерге қол беріп көріспейді, келіндері де солай. Ал, ер адам ата - ене, әке - шешеден бастап, барлық тума - туысқандарымен көрісе береді. Көрісу алдымен әркімнің өз үйінде, ата - анасынан басталып, әрі қарай жалғасады. Алыстағы ағайынға арнай барып көріседі.
Жүргізуші: Апай, біз көрісудің мағынасын көп түсінбейтін едік. Енді мұның астында үлкен тәрбие жатқанын білдік. Тағы да осы көрісудің ерекшеліктеріне тоқталып кетіңізші.
Мұғалім: Жарайды. Көрісу адамдардың жынысына қарай бөлінеді. Жастар үлкендерге сәлем беріп, кейін екі қолын ұсынып көрісу шартын жасаса, жасы үлкен аналар бір - біріне алақанға алақан тосып құлаштаған күйі әуелі оң иығын, сосын сол иығын түйістіріп құшағын жазған күйі төске - төс түйістіреді, қайтадан алақандарын қосып көріседі. Ал, жалпы ер адамдар қос қолын ұсынып көрісе салады. Көрісу кезінде ертеде кем дегенде бес үйге бас сұғып сәлемдесу міндет болған. Көрісу күні ешкім ешкімді шақырмайды, бірақ жастардың үлкенге сәлем беруі – парыз.
Оқушы: Апай, сонда көрісудің ұғымы нені білдіреді?
Мұғалім: Көрісудің ұғымы – өткен қыстан, жылдан аман - есен шықтық, жаңа жылға, адамзаттың жап - жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – тағы бір жылға, көктемге жеттік. Енді қысылыс жоқ, адамның аузы аққа, мал аузы көкке тиді деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышуы, ұлы той деген ұғым болса керек. Міне, бұл – бізге өткеннен жеткен игі дәстүр.
Жүргізуші: Онда бәріміз де бір - бірімізбен көрісіп, жақсы тілек айтайық.
(Оқушылар өздері естіген ерекшеліктері бойынша көріседі)
Жүргізуші: Осындай көңілді отырыста ән айтып, би билемей кетуге болмас. Біздің сыныптың өнерлі оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
(Ортаға оқушылар шығып мерекеге дайындаған өз өнерлерін көрсетеді)
Қорытынды
Жүргізушілер бірге:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын
- Ляко
- 17 наурыз 2013
- 12447
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Наурыз, дәстүр, көрісу, мереке, мейрам, Ұлыстың ұлы күні
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...22 наурызға арналған тәрбие сағаты. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның...Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида..."Наурыз тойы – дәстүрлі мереке" (сыныптан тыс шара)
БҚО, Шыңғырлау ауданы Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.