Сайтқа кіру Тіркелу

Наурыз думан

Тақырыбы: Наурыз думан
Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесінің тарихын, оның кезеңдері туралы, Наурыз тойының ерекшеліктері әр ұлтта тойлануы туралы білім бере отырып, мерекелік дәстүрлерден көріністер көрсету арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, ұлттық дәстүрді қадірлеуге үйрету, топпен, ұжыммен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Концерт - сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Өткен тақырыптарды бекіту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Бақылау, түсіндіру, сөздік, өнер сайысы т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Наурызға арналған газеттер, кітап көрмесі, ұлттық киім.
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі.
II Негізгі бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Наурыз өте ертеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Наурыз мерекесін тойлау дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс салтында баяғы заманнан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», Тәжіктер «Гүл гордон», Хорезімдіктер «Наусарджи», Татарлар «Нардуган», Буряттар «Сагаан сара», Соғдылықтар «наусарыз» деп түрліше атаған. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте жаңа жылды бірінші наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған. Олар мейрам күндері Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды ағашында ілген. Түрлі аурулар мен пәле жаладан сақтайды деген сенім бойынша дастархан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қояды.
Ағылшындар XVII ғасырдың бас кезіне дейін жаңа жылды 26 наурызда тойлап келді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында 1920 жылы халық наурызбен қайта қауышты.
Мәселен, 1925 жылы 22 наурыз күні «Еңбекші қазақ газеті бұқара халықты наурыз мейрамымен құттықтап, өзінің бірінші бетіне ірі әріптермен:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, әз Наурыз!- деп жазды. Осылайша Қазақстанда тойланып келген ұлыс күні асыра сілтеушіліктің салдарынан 1926 жылы күрт тоқтады.
1988 жылғы көктемде Алматы қаласы мен облыстың кейбір аудандарында 62 жылдан соң тұңғыш рет наурыз тойы тойланды.
1989 жылдан бастап ежелгі күн мейрамы - жыл басы тойын жалпы халық болып қарсы ала бастады.
Олай болса наурыз тойын Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар қалай тойлайды екен.
Бүгінгі сабағымызда 5 класс оқушыларынан құралған қазақ елі, татар елі, өзбек елі, орыс елі өз өнерлерін ортаға салады.
Наурыз күнінің бір ерекшелігі бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар.
Қос қолдап амандасып, төс қағыстырып соғыстыру - өмір тірегім - төсім, тіршілік көзім - екі қолым аман - сау болсын дегенді білдіреді.
Рәсім бойынша бір - ақ рет жыл басында:
Жаңа аққан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Сайысымыздың алғашқы шарты - сәлемдесу. Ортаға жеребе бойынша анықталған алғашқы топ шақырылады:
Ұлыс күні жеті түрлі заттан - соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,
сүт, езілген құрт бидай, пияз және қазан толы көп көже пісіріледі. Әр үйдің дастарханына сүт тағамдары көк ырыстан және қызылдан жеті түрлі дәм қойылады. Олай болса екінші шарт - ас мәзірі. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары жақсы ас қалғанша жаман қарын жарылсын десіп, наурыз көжені тоя ішіседі. Көже ішіліп болған соң, төрағасы қолын жайып үй иесіне батасын береді.
Баташылар сайысы. Ортаға әр топтан бір оқушы шығып бата айтудан жарыссын.
Наурыз күніне байланысты мынадай үғымдармен таныстырғанды жөн көріп отырмын.
Тепе - теңдік. Наурызды қарсы алу мерзімі күн мен түн, қыс пен жаз тепе теңдікке келген сәттен бастап тойлануы тегінен тегін емес.
Наурыз күні ауыл атаулының арасында хан, қара, әйел, бала деген болмай, толық теңдік орнайды.
Күні бүгінге дейін айтылатын «құлға да бір күн азаттық», « құлда да бір тілек бар» деген мәтелдер,- Наурыз.
Жыршыдағы: құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан,-
деген жолдар осы бір көне салттың айғағы. Сондықтанда бұл күн – Ұлыстың ұлы күні деп аталған. Өйткені, көзін ашу. Наурыз тойында жігіттер бастаулардың көзін ашып, айнала төңіректі тазартады. Қариялар тал егеді өсімдіктерге ақ бүркеді.
Сондай - ақ ел ішіндегі талант иелері – ақылшы көсем, қызыл тілді шешен он саусағынан өнер тамған шебер, құралайды көзге атқан мерген, жауырыны жерге тимеген палуан, күміс көмей, жезтаңдай әнші, құдіретті күйшілер арасынан озып шыққандар ескеріп, ұлыстың ұлы күні олар халыққа танылып, аттары алты алашқа мәшһүр болды.
Сайысымыздың келесі түрі - өнер сайысы. Әр топ мүшелері өз өнерін корсетеді.
Жаңару. Ұлыс күні аспан денелері өзенің бастапқы айналу нүктесіне келеді.
Мал төлдер, жер көктейді. Жан - жануарлар түлеп, дүние жаңарады.
Осыған орай адамдар да жуынып - шайынады. Су жаңа киімдерін киеді. Сән - салтанат құрып, әдемілік, әсемдік орнайды екен.
Сайысымыздың келесі түрі - Сән үлгісі
Қорыту. Жоғарыда аты аталып, түрі түстелген қазанның үш бұтындай үш шарт - тепе - теңдік, игілік және жаңару үшеуі қоғамда үйлесімін тауып тоқтамайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×