Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасым – бақыт мекенім
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата - ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеттері.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі
1 - Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасым – бақыт мекенім» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2 - жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой - санасы өсіп, ақыл - ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1 - жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаны да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Әлішер Тоқтар – Әкелер әні
1 - жүргізуші: Бүгінгі салтанатты кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Абсаматов Саматұлы Берікке беріледі.
2 - жүргізуші: Айғаным - Жаңаарқа вальсі
2 - жүргізуші: Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.
1 - жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
2 - жүргізуші: Серік Махаббат пен Жаңыл өзбек биі
2 - жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Ұлы Абай бұл туралы
«Ата - анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен
1 - жүргізуші: Бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерханова Айна Кездікбайовнаға беріледі.
Серік Жаңыл – Балалық шақтың бекеті
2 - жүргізуші: Енді біз көрермен қауыммен ойын ойнасақ дейміз. Ортаға 4 ер азамат келсін. Осы кісілер халықтың арасынан 4 қыз алып шықсын. Ойын шарты мынадай. Сіздерге қазір жасырын қағаздар беріледі. Ол қағазда жұбыңызбен қандай би билейтіндігіңіз жазылған. Әр жұп билеп болған соң бағасын көрермендер береді. Көрермендер көп шапалақтаған топ жеңіске жетеді.
2 - жүргізуші: Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл - ауқаты жақсарады.
1 - жүргізуші: Ақ жаулығың қымбат маған анашым
Тілегімсің, сүйенішім панамсың,
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол мейірімді данамсың.
Өмірзақ Арай – Ана жүрегі
1 - жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасын.
2 - жүргізуші: Кесу тобы – биі
1 - жүргізуші: Күлкі көңіл ажары деген екен,
Күлкі адамға әрқашан керек екен.
Ойын – сауық отауы «Тамашадай»
Күлдірудің өзі бір өнер екен
Тамаша сахнада
2 - жүргізуші: Біз тағы да көрермендермен ойын ойнамақпыз. Бізге ортаға жас отау иелері керек жұптарымен. Ойын шарты мынадай: Жұбайының арқасына мақал жапсырып қоямыз. Ал ері сол мақалға бір аяқпен секіріп барып мақалды оқып, жалғасын табуы керек. Бірінші келіп мақалдың жалғасын дұрыс тапқан жұп жеңіске жетеді.
Серікбай Мархабат пен Мусағалиева Сая орындауында үнді биі
1 - жүргізуші: О, ата - анам, Таянышым тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
2 - жүргізуші: Отбасында көрген жақсы - жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тындырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл - ауқаты жақсарады.
Тұрсынбай Мөлдір мен Әлішер Тоқтардың орындауында Қос бәйтерек әні.
1 - жүргізуші: Осыменен «Отбасым – бақыт мекенім» атты отбасылар күніне арналған кешіміз аяқталды.
2 - жүргізуші: Келесі кездескенде қош сау болыңыздар.
Отбасым – бақыт мекенім
- ramuk_b
- 10 қыркүйек 2023
- 1479
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасым – бақыт мекенім тәрбие сағаты, отбасы туралы тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы – өмір аясы
Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның...Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Ынтымақты отбасы
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы...«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.