Ұлттық сән әлеміндегі дизайнер
/дөңгелек үстел/
Тақырыбы: «Ұлттық сән әлеміндегі дизайнер»
Мақсаты:
1. Білімділік. Тәрбиеленушілердің дүниетанымдық көзқарасын кеңейту, оларды «дизайн» ұғымымен, бұл ұғымның пайда болумен, дизайн бағыттарымен, тігін бұйымдарын жасау саласындағы дизайн үдерістерімен таныстыру.
2. Дамытушылық. Тәрбиеленушілердің зейін қою, ойлауды, көркемдік талғамды дамыту.
3. Тәрбиелік. Эстетикалық сезімге, танымдық белсенділікке, кәсіпке деген шығармашылық көзқарасқа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап
Түрі: жаңа білімді хабарлау
Шара барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеленушілерді отырғызып, зейіндерін аудару.
Педагог сөзі:
Барлық қатысушылармен амандасу: Сәлеметсіздер ме!
Құрметті балалар! Бүгін бізде қонақта Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылғы "Мәдениет және спорт" номинациясының "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Малика Дүйсенбаева.
Малика Дүйсенбаева Ұлттық киім сәнінің отандық әлемінде төртінші буын дизайнері ретінде кеңінен танымал. Ол - іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Халықаралық көрсетілімдерді ұйымдастырушы, "Tumar Hanym"/Мисс Тұмар/ халықаралық байқауының тең ұйымдастырушысы, "Fashion Syndicate of Central Asia" /Орталық Азияның Сән синдикаты/ төрағасы (Нұр - сұлтан), "Asyl Qazyna"/Асыл қазына/ компаниясының басшысы және дизайнері. Қатысушы ретінде М. Дүйсенбаева бірқатар облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың бас жүлделерін жеңіп алды. Бұл тізімде "Қазақстан жыл көйлегі – 2016", "Әлем көйлегі – 2017" және "Халық сүйіктісі – Fashion қайраткері"жеңістері ерекше құнды.
- Малика, біздің «Мейірім» орталығына қош келдіңіз!
- Малика қысқаша өз өмірбаяңызды айтсаңыз.
- Бүгін сіз әйгілі сәнгер - дизайнерсіз. Сіз бұл өнер мамандығын бала кезіңізде таңдадыңыз ба?
- Сіз беделді жұмыстан шығып, осындай қадамға баруды жәй ғана шештіңіз бе?
- Ұлттық киім - бұл тақырыптың шегі бар ма?
– Қазіргі өнерде бәрі ойлап тапқан сияқты. Сіз жаңа нәрсені қалай ашып, жасай алдыңыз, ия болмаса әрі қарай жасайсыз?
- Жоғары сән деген және сәнді киім деген ұғым бар. Сіз бұл ұғымдарды қалай түсінесіз?
- Сіз Ақтөбеде дизайнерлік қызметті бастадыңыз ба?
- Сізде киімді әзірлеу процесі қалай жүреді?
- Малика, сіз энергияны қайдан аласыз, Сізді не немесе кім ынталандырады?
- Сән әлемінде 11 жыл жұмыс жасайсыз, Сізде шәкірттер бар ма?
- "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасындағы жеңісі сізді бір нәрсеге міндеттей ме?
- Сіздің жақын арада жоспарларыңыз қандай?
- Дизайнерлік қызметпен айналысқысы келетіндерге қандай кеңестер мен ұсыныстар бересіз? Ақыр соңында, сіз жетістікке жеттіңіз.
- Әңгімеңізге рахмет. Сіздің дизайнерлік қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
"Мейірім" жастарды әлеуметтік
бейімдеу орталығы, әлеуметтік педагог
Сейтмаганбетова Жаркын Бахиткереевна
«Ұлттық сән әлеміндегі дизайнер»
- zharkyn1974
- 1 наурыз 2023
- 514
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дөңгелек үстел, «дизайн» ұғымы, тігін бұйымдарын жасау
Ұқсас жаңалықтар:
Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...Елбасы нақты қауіп туралы айтты
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қазақстан үшін «нақты қауіп» туралы айтты....Классикалық өнер жауһарлары
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу....Қазақтың ұлттық киімдері
Ақтөбе қаласы. Технология пәні мұғалімі Шангытбаева Гүльсим Нарымбетовна...Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нугманова Алмагуль Нуртазиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.