Мақсаты: – Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, Атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, бейнеролик.
Негізгі бөлім: – Cәлематсыздар ма оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата - бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел - ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақ - қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
«Мен – өз Отанымның патриотымын»
- НиталиеваА
- 10 маусым 2019
- 1437
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен өз Отанымның патриотымын, тәрбие сағаты отан туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Отан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең - байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде...Менің Отаным
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Менің елім мәңгілік ел
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігіне мақтан етуге, туған еліне,...Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оқушыларға түсіндіру. Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу, Отанды, елді, жерді сүюге...Менің Отаным - Қазақстан
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.