Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, шарлар
1. Нақыл сөздер:
а) Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады. (Абай)
ә) Адамгершілік деген ұлы сөз. Адамның іс - әрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бәрі адамның адамгершілік
Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Тәрбие сағатының барысы:
I - кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру
II - кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі
III - кезең: Қонақтардың ойы
IV - кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)
V - кезең: қорытындылау
Кіріспе сөз. Қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі: «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда деп елбасы халыққа сенім артып, “Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркен орнату мүмкін емес.” Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Бүгінгі бағдарламамызда адамгершілікті сіздер қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Олай болса балалар, Адамгершілік бастауы неде, қалай ойлайсыңдар?
Айбану.
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.
Екі арыстан қосылса, дәуді өлтірер.
Ажал келсе, ауру түгіл, сауды өлтірер.
Ауылыңда шайпау тілді жаман болса,
Аман тұрған басыңа дау келтірер.
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Толқын. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.
Кенже. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Ән: «Адамдық қағидасы» Әлия мен Мадина
Балалар Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата - ана, дос, ұстаз,) Ендеше бізге өздерінің ақыл кеңесімен бөлісуге қонақтарымыз келіп отыр.
Бірінші қонағымыз Бірнеше немеренің әжесі, ауылымыздың ардақты әжелерінің бірі, класымыздағы Әлия мен Айбанудың әжесі Салима апа қонаққа келіп отыр. Ол кісінің ойынша «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді.
1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
3. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?
Бейнеролик. Отбасы
Пікірталас: бұл бейнероликтен не байқадыңдар?
Бүгінгі бағдарламамыздың екінші қонағымыз тәрбие ісінің меңгерушісі Алтын апай. Бірнеше жыл тәрбие саласында еңбек етіп, жасөспрімдерге ұлттық құндылықтарымызды сақтап, саналы, адамгершілігі мол жас жеткіншектер тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаз.
Алтын апайдың ойынша «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде.
1. Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?
2. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?
3. Адам адамнан несімен ерекшеленедіі?
Ендеше келесі көрініске назар салсақ.
Көрініс үш ана.
Көрініс: Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін» - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.
Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады? (Оқушыларды сөйлете отырып сұраққа жауап алу)
Мұғалім көріністі мақалмен қорытындылайды:
«Жақсы жаман болу міндет емес,
Жақсы адам болу борыш»
Сұрақ: Қай баладан болашақта не күтуге болады?
Үшінші қонағымыз мектебіміздің үлгілі оқушыларының бірі 7 класс оқушысы Әсем. Әсемнің ойынша «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді.
1. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
2. Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?
3. Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал - мәтел, нақыл сөздер білесің?
Бейнеклип: Өзіңнен баста!
Мұғалім.«Не айтамыз! Жақсылық жасаудың өзі рухани адамгершілік. Әрқашан жақсылық жасауға ұмтылу керек.
Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдер де кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.
Өте жақсы ендеше Балалар бүгінгі бағдарламадан адамгершіліктің қандай негізгі қағидаларын білдік? (Қолдарындағы қасиеттерді тақтаға жапсыру)
Мұғалім: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т. б.
Камила. Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез - құлықтың нормасы.
Толқын: Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет - ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
Мадина: Рұқсат сұрау – адамдар қарым - қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір - бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Айбану: Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата - анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
Кенже: Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Әлия: Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез - құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Даяна: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата - анасының мақтанышы.
Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан біздер бойымызға адамның адамгершілік қасиетін ұялата білдік. Келген қонақтарға рахмет айта отырып, кішкене сіздерге деген құрметіміз бар. (сыйлықтар беру)
Адам болып туғаннан соң өмірге,
Адам болып келгеннен соң өмірге.
Адамдықты ұмытпайық ағайын,
Адам болып жаратқан соң өмірге.
Ендеше Адамгершілік қасиеттің өзі біздің бойымызға жылы жүрек арқылы берілмей ме қымбатты оқушылар. Олай болса барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне тұрып бір бірімізге жыл алақанымызбен жүректер жүрекке жететіндей жақсы тілектер тілейікші!
Тақтада жазылған нақыл сөздермен сабағымызды аяқтаймыз.
Ән: «Өзгермеңдерші адамдар» Әлия мен Мадина
«Адамгершілік - асыл қасиет» ашық тәрбие сағаты
- ramuk_b
- 29 қаңтар 2019
- 6333
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамгершілік асыл қасиет ашық тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Адамгершілік - асыл қасиет
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, оқушылар бойына...Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы
Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы...Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....Әдептілік - әдемілік
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - әдемілік...Адамгершілік-асыл қасиет
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Адамгершілік-асыл қасиет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.