"Тапқырлар тартысы" Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Тапқырлар тартысы
Мақсаты:
Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация, кесте.
Сабақ барысы:
- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
3 «Г» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
2 жүргізуші
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:
І топ: «Қыран»
Біздің топ: «Қыран»
Қайтпас қайсар ерлігі,
Ұлан болғым келеді.
Самғап ұшар биікке,
Қыран болғым келеді.
ІІ топ:
Топың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал, барыңды.
«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
1жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.
2жүргізуші:
І. Бәйге.
ІІ. Дода.
ІІІ. Тіл - өнер.
ІV. Кім тапқыр?
V. Тәуелсіздікке тарту
Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
І жүргізуші:: «Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» -
«Бәйге» кезеңінің шарты. Әр топ номерлеген кубикті таңдайды, номер бойынша сұрақтар шығады.
«Тұлпар» тобына:
1. Еліміз қашан тәуелсіздік алды? 1991ж. 16 желтоқсан
2. Соңғы Президент сайлауы қай жылы өтті? 2011 жылдың 3 сәуірде.
Сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.
3. Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 жылы 6 - қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні
4. Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
5. Тұңғыш Президент күні қашан? 1 желтоқсан
6. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында - 9 - шы орында
7. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?- Тұрлаулы
8. Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем?- жалаң
9. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі - қосымша
10. Дауысты дыбыс түрлері нешеу?- 2
11. Шаршының қабырғасының ұзындығы - 7см. Периметрі қанша? 28см
12. 8 - дің квадраты нешеге тең? 64
13. Заттың бағасы мен саны белгілі болса, құнын қалай табамыз? Б*С
«Қыран» тобына:
1. Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті? 1991ж. 1 желтоқсан
2. Н. Ә. Назарбаевтың анасының аты кім? Әлжан
3. Мемлекеттік Рәміздер қашан бекітілді? 1992 жылы 4 - маусымда мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту бекітілді.
4. Елтаңбаның авторлары кімдер? Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
5. Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
6. Астана қаласының символы - Бәйтерек.
7. Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.
8. Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері?- тұрлаулы.
9. Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?- 3
10. 6 - ның квадраты нешеге тең? 36
11. 100 - 35 мәні? 65
12. 25 - тің 5 - тен 1 бөлігін тап. 5
13. 16 - ның жартысы қанша? 8
2 жүргізуші: «Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» Келесі кезең - «Дода»
Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер.
ІІ кезең. Дода. Тақырып таңдау.
Әр топтың 4 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.
Тәуелсіз Қазақстан 20 30 40 50
Әдебиеттік оқу 20 30 40 50
Қазақ тілі 20 30 40 50
Қызықты математика 20 30 40 50
1. Тәуелсіз Қазақстан
20 ұпай: Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар бар?
“Аллажар”,“Қызғыш құс”.
30 ұпай: Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.
40 ұпай: Н. Ә. Назарбаев қандай кітаптардың авторы? «Ғасырлар тоғысында» «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» және тағы басқа.
50 ұпай: Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған оқиға қашан, қай қалада болды? 1986ж. Алматыда
Әдебиеттік оќу
20 ұпай: Халық кегінің күйшісі атанған кім? Құрманғазы
30 ұпай: Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
(Абылай хан).
40 ұпай:: «Бала Тұрар» мәтініндегі Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазды? Аспара, Қызыл жебе, көке.
50 ұпай: «Алшағыр» деп шақырды,
Хан болғалы Алшағыр,
Асып жүрген айласы
Мұсылманнан қанша ердің
Басын жойған ер еді,- Қай батырлар жырынан алынған? Қобыланды батыр жыры.
3. Қазақ тілі
20 ұпай: Қаратпа сөзді қатыстырып сөйлем құра.
30 ұпай: Мереке тойланды. Сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
40 ұпай: «Саған» сөзінің түбірін тап.
50ұпай: Торғай тоғайды ұнатады,...
Жаңылтпашты жалғастыр, Сөйлем мүшесіне талда. Тоғай (Бастауыш) торғайды (Тұрлаусыз мүше) қуантады (Баяндауыш).
4. Қызықты математика
20 ұпай: Ауданы 36 кв. см болатын шаршының периметрі қаншаға тең? 24см
30 ұпай: Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады? (5)
40 ұпай: Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
50 ұпай: өлең - есепті шеш:
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
- Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
- Сонда нешеу, ұры ќанша? (10 адам, 5ұры)
ІІІ кезең. 3 тілде Тіл - өнер.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.
Жүргізуші: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!-
келесі сайысымыз - «Тіл - өнер» деп аталады.
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшыќ нөмірін таңдайсыңдар.
1. Жұт... ағайынды / Жеті - семь - seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам - ручка - pen/
3. Екі қолға... күрек /бір - один - one/
4. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/
5. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный - red/
6. Мысыққа ойын керек,
... өлім керек /тышқан – мышь – mоuse/
7. Тілі бар, үні жоќ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/
8. Жылт – жылт етеді
Жылғадан µтеді /су – вода – water/
9. Батыр туса – ел ырысы,
... жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
10... оттан да ыстыќ. (Отан - родина -. country)....
11. Отансыз.........-. ормансыз бұлбұл. (Адам -. человек -. people.)..
12. Туған жердің...... де ыстық,, түні де ыстыќ. (Күн - солнце -.. sun).......
ІV кезең. Кім тапқыр?
ІІ жүргізуші:
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» - деп келесі кезеңді бастаймыз.
Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі..
Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды. Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады.
Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал - мәтел тауып айту керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Күлме досқа, келер басқа.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен
қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген - ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп, Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым - ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық - түбі қорлық)
V кезең. Тәуелсіздікке тарту
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Көрермендерге сұрақтар:
1. Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997ж.
2. Конституция қашан қабылданды? 1995ж. 30 тамызда
3. Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келген?
Н. Ә. Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
4. Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған қандай оқиға? 1986ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.
5. Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды? 16 желтоқсанда
6. 1желтоқсан қандай мереке? Тұңғыш Президент күні
7. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.
8. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында - 9 - шы орында
9. Әнұранның авторлары кімдер? Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
10. Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
Жүргізуші:
Болашақтың іргесін қалайтын,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.
Жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!
Марапаттау.
Тапқырлар тартысы (сайыс сабақ)
- ramuk_b
- 19 қаңтар 2019
- 19114
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тапқырлар тартысы, сайыс, жарыс сабақ, тәрбие сағаты, сыныптан тыс іс шара
Ұқсас жаңалықтар:
«Жарқын болашақ» интеллектуалды ойын
Мақсаты: оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету...Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...Мемлекеттік рәміздер. Тест 2 сынып
1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент Б) Әнұран, ту, гимн Ә) Әнұран, елтаңба, ту 2) Елтаңбаның авторлары? А) Шәмші..."Алтын сақа" әдеби ойыны
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мырзағалиева Гүлдана Жақсылыққызы...Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп бастауыш сыныбының мұғалімі Мырзатаева Жаңыл Абдрахманқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.