Үкілі қыз сайысы
Мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету;
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
3. Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүл, шарлар,«Қыз өссе - елдің көркі»,« Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес»,« Өнерлінің он саусағы тең, өнерсіздің бір саусағы кем» деген сөздер жазылған плакаттар.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көрікті әпке - сіңлілер. Сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Құттықтау сөзін мектеп директорына беріледі.
2 - жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
1 - жүргізуші:
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай,
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
2 - жүргізуші: 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күні! Мереке құтты болсын, қымбатты аналар! Сіздерге арналған ән шашуды қабыл алыңыздар».. Ән:« Анашым»
1 - жүргізуші: Құрметті де ардақты аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметпен қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін! Бүгінгі « Үкілі қыз» атты сайысымыз сіздерге арналады.
2 - жүргізуші:
Армысыздар, әлеумет кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық.
Бүгінгі байқауға қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Жанель де келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры.
2 - жүргізуші:
Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне Меруерт те
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.
1 - жүргізуші:
Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аруларға ақындар жыр жазады.
Қошеметпен шақырайық ортаға,
Сайысқа келген өнерлі қыз Аруна.
2 - жүргізуші:
Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар.
Іңкәр ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар.
1 - жүргізуші:
Алдыңызға келді міне Алинаң,
Өскенінде қуантады ел жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым.
2 - жүргізуші:
Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен,
Аяулы атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген.
Жүргізушілер:
Той деп бүгін көңіл бүгін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып әнмен бетін ашады.
Ән: « Үкілі кәмшат».
1 - жүргізуші: Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру;
2. « Өнерлі өрге жүзер»( өз өнері)
3. Сұлулық сыры.( сән үлгісі)
4. Ертегілер еліне саяхат.
5. Шаш сәні.( шашты сәндеу)
2 - жүргізуші: Ал, қанеки арулар! Айтыңдаршы, осы сіздер қандайсыздар?
Арулар:
- Талабы биік таудаймыз,
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз, ақылдымыз,
- Парасаттымыз, ізгі нұрмыз,
- Үлкенге ізеттіміз,
- Кішіге қамқоршымыз,
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл ауданы, Благовещенка селосы,
“Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі” КММ
химия - биология пәні мұғалімі
Қуанышбаева Гульзада Камбаровна
Толық нұсқасын жүктеу
Үкілі қыз- 2017 байқауы
- aiboll
- 15 мам 2017
- 2633
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үкілі қыз 2017 байқауы, қыз сыны, 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Үкілі қыз сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылы,«Амангелді негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі...Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Қыз өссе-елдің көркі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп МАД 2012 жыл Сүлейменова Ақбота Маукенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.