5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік студенттерге арнайы іс - шара өткізуді дәстүрге айналдырды.