Сайтқа кіру Тіркелу

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы шетелдік студенттерге арнайы іс - шара өткізуді дәстүрге айналдырды.
Кафедраның озық тәжірибелі оқытушылары бұл мерекенің мәнін шетелдік студенттерге бейнетаспа қолдана отырып түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің құдіреттілігіне байланысты музыкалық шығармалар ұсынып отырады.
Бұл іс-шаралардың жалпы мақсаты – шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Түркия, Жапония және басқа да елдерден шетелдік студенттер қатысып белсенділік танытады.
Іс-шара барысында шетелдік студенттер бұл мейрам Қазақстанда өмір сүретін 130 - ға жуық ұлттардың құқықтарының шектелмегендігінің жарқын көрінісі екендігін, сондай - ақ, әр тілдің басқа тілдермен байланысты өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, тіл арқылы адамдар басқа ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін және де бір - бірін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салады.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұстаздарының түсіндіруімен Қазақстан халқы тілдері күні ҚР Үкіметі қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгені туралы, себебі, 5 қыркүйек – қазақ тілінің білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы, Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екендігі жайлы, сонымен қатар, Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар екенін, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алатынын және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінетінін, бұл мереке елімізде 5 қыркүйек күні тойланатыны туралы да маңызды танымды мәліметтер алады.

А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Тарихы терең Алматы!

Тарихы терең Алматы!

Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×