16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған құттықтау, тілектер
- 16 желтоқсан
- 4106
- Құттықтаулар
Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ой түйіп, өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарау күні. Бүгінгі ұрпақ ата - баба мұрасын дәріптеп, ел мен жерге адал қызмет етудің маңызын ерекше сезінеді
Тәуелсіздік. Бұдан асқан құндылық жоқ. Қымбатсың! Оған қол жеткізу үшін талай боздақ құрбан болып, талай қазақ жанын берді. Ата - бабамыз аңсап өткен тәуелсіздік те, ауызбірлік те, тұтастық та бүгінгі егеменді еліміздің еншісіне бұйырды. Оған бәріміз куәгерміз. Бала кезімізде оның қадір - қасиетін түсіне қоймайтын едік.