Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік – тірегім

Тәуелсіздік – тірегім
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.

Жүрмейікші жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Қыран ұшты
Қыран ұшып қарға келді ендігі,
Мынау халық – қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма енді теңдігі.

Шыдай алмай жастар шықты алаңға,
ОМОН - дар да қаптап жүрді алаңда.
Шаштан сүйреп, тепкіге сап қыздарды,
Төгіп кетті жастарды бос далаға.

Ауыр тиді бұ да енді балаға,
Студенттер шыға алмады далаға.
Тергеушілер қойып қалып өтірік
Талай адам ұшырады жалаға.

Студентті хат жазбауға көндіріп,
Балаларды бүлікші деп сендіріп,
Талай жасты оқуынан шығарып
Қой соңында жүрді олар ерігіп.

Айтып отса өтірік емес бұл деген,
Тек қазақ па ақ патшаға сенбеген.
Тәуелсіздік кетпей қазақ жерінен
Әй, қазақтар енді өзгеге жүгінбең!

Қазақстан тәуелсіз ел
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған...»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халқы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ боз атты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығындағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,
20 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!
Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!

Тағы да Тәуелсіздік туралы өлеңдер:

Тәуелсіздік

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

Желтоқсан. Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Еркіндігім қасиетім

Желтоқсанның қанды суық ызғары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Желтоқсанның қанды суық ызғары

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Желтоқсанның қанды суық ызғары, Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздікті қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады....
Тәуелсіздік таңы атсын елімде

Тәуелсіздік таңы атсын елімде

Тәуелсіздік оңай бізге келген жоқ, Ұл-қыздарым оны қолдан берген жоқ. Отан үшін құрбан болған боздақтар, Ел есінде қалды мәңгі өлген жоқ....
Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік – халқымыздың мақтандысы Тәуелсіздік – еліміздің жаттандысы Тәуелсіздік – ұлтымыздың азаттығы, Тәуелсіздік – жеріміздің ғажаптығы....
Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын....
Тәуелсізбін деп мақтанамын...

Тәуелсізбін деп мақтанамын...

Тәуелсіздік. Бұдан асқан құндылық жоқ. Қымбатсың! Оған қол жеткізу үшін талай боздақ құрбан болып, талай қазақ жанын берді. Ата - бабамыз аңсап өткен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×