Есте жоқ ескі заманда алып Алтай тауын қоныстанған бір қауым жұрт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң аулап, жеміс - жидек теріп жеп күнелтеді екен.
Қазақ әр нәрсенің "арғы тегін", "шыққан тегін" білуге үлкен мән берген - ді. Көшпелі үшін тұтас нәрсе - құдіретті күш, қастерлі құбылыс, құпиялы тылсым дүние, әсерлі де әдемі әлем.