Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер.
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте де айрылмапты.
Бір бала жасынан мал бағып, отын - су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап - қара болыпты.
Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы - билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен деседі.
Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді.