Сайтқа кіру Тіркелу

Ай мен күн

Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі. Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай, екіншісіне Күн деген есімдерді береді. Жер Күн мен Айды мәпелеп, алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді. Осылайша екі ару өсе береді. Сұлулар өскен сайын бір - біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады. Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын. Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді. Екеуінде де әрқашан кім сұлу? — деген сауал туындайтын. Ай ару Күннің жарқылын жек көретін. Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын. Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып:

— Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін — дегенде
Жер ана қатты ашуланады. Айға рұқсатын бермейді, сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір - бірінен ажырап кетуі еді. Ай Күнге барып:

— Екеуіміз екі бөлек жандармыз. Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз - дегенде Күн де қалыспай:

— Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап, менен бөлініп кетпексің ғой — дейді.

Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі. Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады. Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады. Сұлулығынан айырылған Ай Жер ананың рұқсатымсыз алысқа кетіп қалады

Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді. Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды. Енді мүлдем кеш еді. Сол сәттен бастап екеуі бір - бірін ешқашан көрмепті. Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.

Автор: Гүлсая Каналқұл
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көкшетау

Көкшетау

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын....
Ана махаббаты

Ана махаббаты

Әрдайым татулықтан көңілі өскен Ешқашан бір - бірінен бөлінбестен, Ертеде бір ауылға аңыз болған Бір үйде екі абысын өмір кешкен....
Сырттандар

Сырттандар

Ертеде, бір байдың жалғыз баласы болыпты. Байдың қадірлі ұлы да, қызы да сол екен. Күндерде бір күн әлгі байдың баласы ұйықтап жатып, түс көреді....
Нағашы жұрт жайлы

Нағашы жұрт жайлы

Нағашы жұрт - туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары. Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×