Есенжанов Хамза Ихсанұлы
- 30 қаңтар
- 28805
- Рефераттар
Жаяу-Мұса туып өскен жері қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы. Әкесі Байжан кедей шаруа адам болған. Жаяу-Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. Дарынды баласының оқуға талпынған талабын әкесі қостамаса да, Мұса өз бетімен оқиды. Бұдан кейін Мұса Омбы қаласына барып орысша оқуға түседі. Сол қалада оқып жүрген кезінде – жаз айларында еліне келіп-кетіп жүріп, шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын, бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады.