Мақсаты: Балалардың ой танымдылығын жетілдіру. Ұсақ маторикасын дамыту, пішіндерді орналастыру, түстерді ажырата білуге, сергіту жаттығуларын сапалы орындауға тәрбиелеу.
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Құстардың тыныс - тіршіліктерін бақылауға үйрету, ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіріп, ой - өрісін дамыту, қорытынды шығара білуге машықтандыру.