Сайтқа кіру Тіркелу

Дала құстары

Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қашар кентіндегі «№2 Қашар орта мектебі» КММ мектебіндегі
шағын орталық бөліміндегі «Балапан» тобында тәрбиешісі
Медетбаева Айгуль Давлетназаровна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»
Бөлім: «Экология негіздері» «Жапсыру»
Тақырыбы: «ДАЛА ҚҰСТАРЫ»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Құстардың тыныс - тіршіліктерін бақылауға үйрету, ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіріп, ой - өрісін дамыту, қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Көрнекі құралдар: қысқы орман, жұмыртқа, ұя, балапан, құстардың үлгісі, желім, тоқымалы жіп, қылқалам, сүлгі, қызыл және қара түсті қарындаш.

Мотивациялық - қозғаушылық
- «Сәлем – сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» деп, қонақтармен сәлемдесейік.

«Тілек шеңбері».
«Ғажайып сәт».
(ұядағы жұмыртқаны көреді).
Сұрақ - жауап:
- Бұл не?
- Геометриялық пішіні қандай?
- Жұмыртқаның түсі қандай?
- Ішінде не бар?

Ұйымдастыру іздестіру
«Психологиялық жаттығу».
- Ендеше жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік.
Жұмыртқаны қолына алып, тілек айту.
- Денің сау болсын!
- Балалар, біз сөйлегенде немен сөйлейміз?

«Көңілді тіл» ертегісі.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыстың қай айы?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көрдіңдер ме, балалар, қыс мезгілі қандай тамаша!
(құстардың дауысы естіледі).
- Балалар, әсем тыныштықты бұзып тұрған ненің даусы болды екен?
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды неліктен үй құстары деп атайды?
- Қалай қоректенеді?
Дауыстарын келтіру.

- Үй құстарынан басқа қандай тағы құстарды білесіңдер?
- Балалар, бүгін біз сендермен дала құстарын көруге орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен баруға болады?

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×