Сайтқа кіру Тіркелу

Ашық сабақ "Ақ қоян бізде қонақта"

Тақырыбы: Ақ қоян бізде қонақта

Мақсаты: Балалардың ой танымдылығын жетілдіру. Ұсақ маторикасын дамыту, пішіндерді орналастыру, түстерді ажырата білуге, сергіту жаттығуларын сапалы орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бала санына қарай тапсырмаларға қажетті құралдар: моншақтар, үшбұрыш пішіндері, түрлі түсті доптар, сәбіз, себеттер.
Әдіс тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады. Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті қане қонақтармен сәлемдесейік. Балалар есімізге түсірейік, қазір жылдың қай мезгілі?
Қысқы табиғаттың ерекшелігін айтайық.
Қыста қандай мереке өткенін есе түсірейік?
Есік қағып ақ қоян келеді, сәлемдеседі.
Тәрбиеші: Балалар, сендер ақ қоянды ұмытқан жоқсыңдар ма?
Жаңа жыл мерекесінде сендермен бірге ән айтып, би билеген ақ қоян бізге қонаққа келді. Балалар, қараңдаршы қолында қандай үлкен сәбізі бар.
Ақ қоян: бұл жай сәбіз емес, сиқырлы сәбіз, оның ішінде ормандағы достарымның тапсырмалары бар.
Тәрбиеші: балалар, жаңа жыл мерекесінде ақ қоян сендердің өнерлеріңді тамашалады, енді сендердің білімдеріңді байқау үшін ормандағы достарының тапсырмаларын ала келіпті.
Тәрбиеші: Қане, балалар, ақ қоянның тапсырмаларын орындаймыз ба?
Тәрбиеші: Қане, ақ қоян бірінші тапсырмаңыз қандай?
Сәбіздің ішінен үш бұрышты пішіндерді алады. Бұл не балалар? Бұл үшбұрышты пішіндер. Бұдан не жасауға болады? Мысалы шыршаны құрастыруға болады. Ол үшін үшбұрыштан құрастырылған шыршаның суретінің үстіне сәйкес үшбұрыштарды орналастырамыз. Шыршаның түсі қандай? Пішіні қандай?
Балалар орнымызға отырып ақ қоянның бірінші тапсырмасын орындайық.
Тәрбиеші: Ақ қоян, біздің балаларымыз сіздің бірінші тапсырмаңызды орындады.
Ақ қоян: Рахмет балалар, дұрыс орындадыңдар.
Тәрбиеші: Ақ қоян біздің балаларымыз ақ қоян туралы тақпақ біледі, қане балалар ақ қоянмен бірге тақпақ айтып сергіту жасайық.
Мен қоянмын, қоянмын
Аппақ түске боялдым
Мынау менің қолдарым
Тырнағы ұзын қолдарым
Мынау менің топылдап
Шаң шығарар аяғым
Ал құйрығым жоғалды
Қайдан іздеп табамын.
Ақ қоян: жарайсыңдар балалар, сендердің өлеңдеріңе қуанып қалдым. Ал енді сендерді келесі тапсырманы орындауға шақырамын. Сиқырлы сәбіз ішінен моншақтарды алып шығады. Бұл жіпке тізілген моншақтар. Ол үшін жіпті алып осы жіпке біртіндеп моншақтарды тіземіз. Қане, балалар, орнымызға отырып ақ қоянның екінші тапсырмасын орындайық. Балалар моншақтарды жіпке тізеді.
Ақ қоян: жарайсыңдар, балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Келесі үшінші тапсырманы орындауға шақырамын. Сиқырлы сәбіз ішінен қызыл және сары доптарды алып шығады. Бұл доптар. Түстері қандай? Қызыл және сары. Ендеше сендер түстерді қалай ажырата алатындарыңды көрсетесіңдер. Қараңдаршы, қандай әдемі себеттер! Себеттің біреуінде қызыл лента тағылған, ал екіншісінде сары лента тағылған сол түстеріне сәйкес доптарды тауып себетке жинау керек.
Балалар тапсырманы орындайды.
Ақ қоян: Жарайсыңдар, балалар түстерді ажырата біледі екенсіңдер, қандай ақылды балалар! Өте жақсы.
Тәрбиеші: Ақ қоян, сіз шаршаған шығарсыз біздің балалармен бірге ән айтып, би белеңіз.
Ән сауық: Ақ қоян әні.
Ақ қоян: Өте тамаша, сендермен бірге уақыттың қалай жылдам өткенін байқамай қалыппын, енді менің орманға кетуім керек. Кетпес бұрын, мен сендерге орманнан әкелген сиқырлы тәттілерімді сыйлаймын.
Қош сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ақ қоян қонақта болды, ол өзінің тапсырмаларын ала келді, тапсырмаларды орындай отырып, түстерді, пішіндерді ажырата білдік.
Рахмет сендерге, балалар!
Қонақтармен қоштасайық.

Кушерова Гульнар Ермекбаевна
Ақтау қаласы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×