Қазақ халқы сайын даламызда емін - еркін көшіп жүріп, табиғат құбылыстарын мұқият бақылаған. Ол кезде бүгінгідей ауа райын болжайтын стансалар болмаса да, халқымыз жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын, өлкемізге тән жайттарды жадына тоқып, соған қарай қам жасаған.
Қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата - бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз - кем тоқталуды жалғастырайық..
Суыр (сурок) – оның ел ішіндегі атауы – жер шошқасы. Суырлар қыс кезінде інге кіріп ұйқыда болады. Ол інінен міндетті түрде, әр жылдың екінші ақпанында шығады.
Аспан – ең құдіретті Жаратушының жаратылысы. Көк тәңірі – көк аспан. Аспан өзінің құдіретті тәуелсіз әрекеттерімен жақсылықты да, жамандықты да көк биігінен іске асырады.