Байлаулы тұрған жүйрік жұлдызға қарап, киіз үйдің белдеуінен басын жоғары ұстап, басы уық пен керегенің қосылатын жерінен асып тұрады. Мамағашқа, болмаса киіз үйдің белдеуіе байлағанда келе жатқан адамға доғаша иіліп тұрады.
Қазақ жұртында: «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» немесе «Алып анадан, ат биеден туады» дейтін тәмсіл бар. Демек, жүйрік құлынның тууы – аталық айғырмен қатар енелік жақсы биеге де байланысты.