Сертінің ұрлап қара атын, Жазықсыз киып қанатын, Жапанда жаяу қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын. Ел арасын егер қып, Ойым- жоқ шұрқан салатын. Қоныстан елді бостырып, Неміз бар енді шабатын! Өлең мен сөзді дос қылып, Құрамын ақын санатын!
Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай! Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай! Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап Қара дауыл құйындай!