Төрт шумақ өлеңде Абай біршама мәселелерді қозғаған. Ол алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылатын ақиқат емес, ол – жүрекпен қабылданатын шындық.
Бөтен сөзбен сөз арасын былғамайтын ақын неге «адасқанның алды – жөн...» деген? Қалыптағы түсінікте адасқанның алды белгісіздік емес пе? Адасып бара жатқан адам жөн таба алмағандықтан адаспаушы ма еді?