«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
Бөтен сөзбен сөз арасын былғамайтын ақын неге «адасқанның алды – жөн...» деген? Қалыптағы түсінікте адасқанның алды белгісіздік емес пе? Адасып бара жатқан адам жөн таба алмағандықтан адаспаушы ма еді? Бұл өлеңде текстологиялық қателік болмаса, «адасқанның алды – жөн...» деген түсінікті қалай түсінбекпіз?
Абай өлеңдеріндегі «түсініксіз» ой - тұжырымдарына әбден көндіккендіктен, ақынның айтпақ болған ойын табуға кірістік. Ойлай - ойлай келе тиянақты түсінік «адасу» дегенге тоқталдық. «Адасу» деген не? Оның адаспағандықтан айырмасы неде? Осы бағытта ойға шомғынымызда тапқанымыз мынау болды. Адамзат баласы сонау әлімсақтан күні бүгінге дейін адасумен келеді. Тарихтан адаспай жөн, жол тапқан не пайғамбарды, не дана - ойшылды таппадық. Бәрінің жол таптым, адам баласын азат етті дегендері замандар алмасқанда теріске шыға берді. Сонда адасушылық болғаны ма?
Ақылы, сезімі бар адамның адасуы таңғаларлық іс емес, себебі ондай жанда құмарлық күшті болмақ. Құмарлық дегеніміз – білмекке ынталану, ұмтылу, орындалмайтын істі атқаруға талпыну, құпия сыры ішіндегі болмысты танымаққа әурелену. Осы аталған істермен айналысқан адам әманда адасады. Адасу адамның өз әлін мөлшерлей алмаудан туады. Бұл бір.
Екіншіден, адасу танып білмектен туады. Осы тұста бір дана адамның шейхтен сұраған сұрағы оймызға келіп тұр: «Спросили: «Кто познавший?» - ответил: «Познавший подобен птице, вылетевшей из гнезда в поисках пищи и не нашедший ее, устремившейся (обратно) к гнезду и не нашедшей дорогт. Она в смятении, хочет направитьсядомой и не может». Таным, білім жолына түскен адам құс сияқты өз ұясына қайтып жол таба алмайды. Ол адасады, бірақ адасқандықты сезудің өзі білім екенін ойындау керек. Адасқанын сезбегендерде білім жоқ. Білімділік белгісі – адасқандықты сезіну.
Тарихта ең алғашқы адасқандар – Адам Ата мен Хауа Ана. Хауа Анамызды білмекке құштарлық жеңіп, дәмін татуға болмайтын жемісті жеді. Сөйтіп, пейіштен азабы да, қызығы да жеткілікті жер бетіне қуылды. Маңдай терімен күнкөріс қамына кірісті. Адам Ата өз қателігін мойындап, Алласына жалбарынып, күнәсінен тазарумен өмірін өткізді. Адасқан пендесіне Алла тағала кешірім жасады. Содан бері Адам ұрпағы адасумен келеді. Анығында, жығылып - сүрініп барып, құламай тік жүріске жаттыққан бала тәріздес, адамзат та адасып жүріп бір жөн табады, бірақ ол тапқан жөні күндердің күнінде «жөн емеске» айналып, адасуы тағы басталмақ. Абайдың айтып отырғаны осы хал болса керек. Адасқанның алды жөн болатыны, ол өзінің адасқанын біліп отыр. Адасқанын білген адам жөн табуға да қауқары жетпек, адасқанын білмегендер туралы сөз жоқ. Көп адасады. Ақын ол жөнінде көптің атының басын бұратын адамды құрметпен «единица» деп атаған.
Адасу негізінен сенімге байланысты. Таным мен сенім бастары бір қазанға сыятын құбылыстар емес. Олардың бастарын біріктіруге талпыныстар араб, ислам пәлсапасында, ортағасырлық Батыс Еуропада, кеңес өкіметі заманында болған. Абай болса, Алланы мойындай отырып: «... замана, шаруа, мінез өзгереді», - деген. Өзгерісті мойындау – сенім шекарасын бұзушылық.
Адамзат тарихына зер салып қарасақ, адасқан жалғыз Адам Ата емес, одан кейінгі барлық нәбилер.
Алладан төрт кітап келген, яғни төрт дін (сенім( болған. Алғашқы кітап Дәуітке келген. Уақыт өте берді, бұл сенім тозып, енді келесі кітап Мұсаға келді, одан кейін кітап Ғайсаға келді. Алты ғасырдан кейін «ең соңғы» пайғамбар Мұхаммедке Құран түсті. Сөзді қысқаша қайырсақ, Дәуіт те, Мұса да, Ғайса да адасты немесе оған сенушілер адасты. Адасқандарды жөнге Мұхаммед салды. Бертін келе жердің қақ жартысы жаңа дін «маркстік - лениндік» ілімге табынып, сенді. Бүгін бұл ілімнің соңына ергендердің адасқаны анықталып отыр. Демек, сенім адамды адастырады. Адам санасына сенімді сіңіру – идеологиялық тәсіл.
Бір сенімге берілген адам, халық міндетті түрде көсемді қажет етеді, олар плюралистік ой иелерін керексінбейді. Сөйтіп, сенгіш көп өзіне тоталитарлық (әкімшілік) басқару жүйесін құруға ынталы болады да тұрады. «Көпте ақыл жоқ» деген қорытынды осындай жағдайдан шыққан. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 126
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абайдың хакімдігі, Ұлы Абайдың ойлары, Абай өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Махаббатпен жаратқан адамзатты...
«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты...Тіл қашан пайда болды?
Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі...Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
Рухани жетілу сатысындағы «толық адамның» материалдық даму сатысындағы «адамнан» бірнеше айырмашылығы бар. Әулиелер мен қарапайым адамдарды ажырату...Кітап асыл қазына
Кітап – адамның жан - дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі....Адам ата
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Корганбаева Ардак Куанишовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.