Сайтқа кіру Тіркелу

Абайдың хакімдігі: «Алла деген сөз жеңіл»

Абайдың хакімдігі: «Алла деген сөз жеңіл»

Төрт шумақ өлеңде Абай біршама мәселелерді қозғаған. Ол алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылатын ақиқат емес, ол – жүрекпен қабылданатын шындық.
Алла туралы сөз айту дегеніміз көңілдің сәулесін талап етеді. Бұл – бір мәселе. Келесі шумақта ақын: «Жүректің ақыл суаты, махаббат қылса Тәңірі үшін», - деп махаббат туралы сопылық дүниетаным тұрғысында түсінік берген.
Махаббат иесі – Алла, оны ұғыну үшін жүрек нәрленуі керек. Ол жайды Абай «жүректің асыл суаты» деген. Үшіншіден, Алла ақыл арқылы танылмайтын шындық екеніне баса назар аударған. Бар нәрсені ақылмен тану мүмкін еместігін Батыс Еуропада көптеген ғұламалар айтқан. Бірақ Абай бұл мәселеде Батыс ойшылдарына еліктеп тұрған жоқ. Ол бар нәрсенің барлығы туралы ой айтқанда ислам дүниетанымынан тыс кетпеген. Ислам философиясында Алланы ақылмен танудың мүмкін еместігі әлденеше рет айтылған. Абай бұл жағдайды: «Ақылға сыймас ол Алла, тағрипқа (түсіну, білу) тілім қысқа, аһ!», - деп суреттеген.
Тіл қысқалығы – ақыл мүмкіншілігінің образды бейнеленуі. Бірақ бар нәрсеге шүбә жоқ, себебі оның барлығын жүрек арқылы сезбекпіз. «Ақыл мен хауас (сапа, түр) барлығын білмей дүр жүрек, сезе дүр» - яғни сезімдік таным Абай дүниетанымында ерекше айшықталған. Осы басы ашық мәселе туралы өзінше қисынды ой айтпақ болғандарға: «Бекер босқа езе дүр», - деп Абай үзілді - кесілді пікір айтқан. Себебі бар нәрсені жоқ деп қаншама «оцшылдар», Абай тілімен айтсақ, босқа сөзді езіп, аяқ астынан мәселе туып, ақылсынғанды ақын оқып та көрген, олармен кездесіп, пікір алмасып та байқаған. Абай Алланың барлығы туралы таласты бекер сөз етпеген. Ақын түсінігінде Алла – шүбәсіз шындық, дүниедегі бардың есімі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Абайдың хакімдігі: «Безендірген жер жүзін тәңірім шебер...»

Абайдың хакімдігі: «Безендірген жер жүзін тәңірім шебер...»

Шебер – Алла есімі. Әлемді жаратушы да, оның иесі де, нақ өзі де – Алла. Өмірде бәрі - бәрі Алла әмірімен болмақ. «Мың сан ғалам» деп аңыз тілімен...
Абайдың хакімдігі: «Мұңлы шайтан – құдайдың қуған жаны...»

Абайдың хакімдігі: «Мұңлы шайтан – құдайдың қуған жаны...»

Алдымен «шайтан» туралы. Бұл өзі не? Дүниеде бар нәрсе ме әлде қиялдан туған түсінік пе? Өзге діндегі ұғымдарды былай қойғанда, исламда шайтан деген...
Махаббатпен жаратқан адамзатты...

Махаббатпен жаратқан адамзатты...

«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты...
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы

Өзінің жан екенін түсіну деңгейін өткеннен кейін адам рухани жолға – «толық адам» сатысына көтеріледі. Бұл жанның оянуымен бірдей....
Жақынынан айырылған адам білуі керек алты нәрсе

Жақынынан айырылған адам білуі керек алты нәрсе

Бірінші, Барлық нәрсе - жалғыз, серігі жоқ Алланың әмірімен, қалауымен, тағдырымен болады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×