Қоңырәулиеден қайтқан жастар ел ішінде үлкен әлек тұрғанын Абайдан есітеді. Ол әлек Оспан мен Оразбай арасындағы дау екен. Оразбай қасындағы Керей, Уақ, Қаракесек ауылдарынан талай мал ұрлатып, өзі байып алған.
Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын" деген салық шығыпты.
Үш ат жеккен кең күйме Ақшоқыдан қалаға тартып барады. Биыл күзде Абай Әбіш, Мағаш және Күлбаданды орысша оқуға орналастыруға бара жатты. Михайловтың ақылымен Мағаш пен Күлбаданды «уездный школға» береді.
Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке, Баймағанбет, Ербол, Тұрғанбайлар бірігіп, қансонарда бүркіт салуға шығады.
Көктемнің шапағаты соншалық, табиғат күрт жаңара түсті. Абай кітап оқудан еш шаршамаған. Ол орыс тілін жетік меңгергендей Пушкиннің «Дубровский» деген әңгімесін оқып жатты.
Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат жоғалады.
Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен қызықты думан өткізіледі.
Күн түске жетпей - ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан келіп: "Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген пісіпті.