Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №14

Оқапта
Қыстауға көшетін күндер жақын. Көп өтпей бірінші қар жауады. Сөйтіп, аңға, бүркіт салуға нағыз ыңғайлы маусым басталады. Абай, Смағұл, Шәке, Баймағанбет, Ербол, Тұрғанбайлар бірігіп, қансонарда бүркіт салуға шығады. Шыңғыс бөктерін аралап, талай түлкі алады. Әсіресе Торғанбайдың Қарашолақ деген қаршығасы бір күнде жиырмаға жуық түлкі алады. Осылай аңшылықпен жігіттердің көп күні өтеді. Осындай күндердің бірінде, Қарашолақ алған түлкіге серіктікке бөтен қаршыға таласқандай тіресе кетеді. Бұл Қарашегір болатын. Бөжей ұлы Жабайдың қаршығасы. Көп өтпей бір асудан үш - төрт атты көрінеді. Олар Жабай, Жиренше және Абылғазы екен. Көріскен соң олжаларға қарасты.

Абайлардың қоржынында толы олжа. Ал Жабайларда бірен - саран ғана. Абай Жабайдың қоржынына қарап, күліп кетеді. Сосын Жиренше Абылғазыға айтып, Абайдың күлгені үшін оны ұялтуға бел буады. Ол бір - екі күн Абайларға қосылып, аңда жүреді. Қасақана сол күндері Қарашолақ бірде - бір түлкі ала алмай қояды. Осыдан жүріп Жиренше алдында Абай ұялып қалғандай қысылады. Содан кейін топ екіге бөлініп, Абай тобы Машаннан асып, Есболат Қарасуымен Жидебайға қайтуды жөн көреді. Смағұл, Тұрғанбай, Абылғазы және Жиренше бір жолмен, ал Абай, Ербол, Шәке, Баймағанбеттер төте жолмен жүріп кетеді. Абайлар жолға шыққанда қатты боран соғып, жолдан адасып кетеді. Теріскей жолдарға түсіп, Машандағы қоныстарға жете алмай қалады. Еш жерден ық таба алмай, әбден жүдеп кетеді. Әсіресе Абай көп қиналады. Осы кезде айқайлаған кісі дауысы естіледі. Абай оған лезде жауап қатады.

Бұл Абылғазы болатын. Олар қосқа кешеден алдын күні жеткен екен. Абылғазы жол бастап, әрең дегенде қонысқа жетеді. Бұл Найман дейтін байдың ауылы екен. Қонақтарды жақсы лебізбен қарсы алады. Абай аяғын әрең басып, үйге кіргенде бір келіншек оның мойнына асыла кетеді. Сөйтсе бұл Тоғжан екен. Осы ауылдың Аққозы деген семізіне тұрмысқа шығыпты. Қос ғашықтың баяғыдан көріскені осы болатын. Абайдың суық бораннан ыстығы шығып, ахуалы қиындай түседі. Түнді түн демей Тоғжан Абайдың қасында жылаумен отырады. Он шақты күннен кейін Абай дұрыстала түседі. Тоғжанның мына жағдайын көрген Аққозы ағайындары Абайдың кеткенін жөн көріп, сыбырмен жеткізеді. Содан көп іркілмей Абайлар Ақшоқыға қайтып кетеді. Абай мен Тоғжанның кездескенін Әйгерім біліп қалып, одан да қатты ренжиді. Ербол да өз қонысына қайтып кетеді. Абай тағы жалғыз сырлас досы, айнымас серігі кітаппен қалады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №18

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №18

Бүгін Семей қаласында Абайдың Қысатай деген туысқанының пәтерінде ән шашу, жиын болып жатты. Жиналғандар Абай, Қысатай, Шұбар, Көкбай, Ысқақ пен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13

Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×