Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы, түс, шағылысу, фон туралы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, оқушының ой – қиялын дамыту, сурет салу шеберлігін арттыру. салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: өнерге баулу, сұлулық тәрбиесі, өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құралы - бояу түстері болып табылады.
Кескіндемені қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Кескіндеме өнерінің әсерлі де және бейнелеуші құралдары олар: түс, шағылысу, фон.
Түс. Түс жасалатын бейнеге ашықтық пен әсерлі бояу береді. Түс табиғаты қандай болады екен? Күн сәулесінде түстердің барлық құрамы бар, Ақ түстер көп қырлы шыны призма арқылы өтіп, құрамды бөліктерге жіктеледі, бұл спектр деп аталады. Спектр – түстерді жіктеудің негізгі құралы. Спектр түстері белгілі бір жүйемен орналасады.
Хроматикалық(түрлі түсті) және ахроматикалық (түссіз) түстер. Осы түстердің оптикалық араласу кезінде олар ақ түске айналады, мұндай түстер қосымша түстер деп аталады. Қосымша түстерді палитра бетінде араластыру арқылы сұр түсті шығаруға болады. Салынған суретте түс реңктерін барынша беруге, әсіресе олардың бір - бірімен жарасымдығына назар аудару қажет. Бұлай жасау салынған бейнеге үндестік пен айқындылық береді.
Шағылысу(рефлекс) – бұл жарықтың бір заттың бетінен екінші заттың көлеңкелі бөлігіне шағылысып түсуі. Бір - біріне жақын тұрған заттардың өзара байланысу әсері болады. Заттың өзі жалғыз емес, ол қоршаған ортада орналасады. Мысалы: Табиғатта аспан, жер, ауа бір - біріне әсер етеді. Бөлме ішінде оның едені қабырғасы, төбесі және басқа бұйымдардың орналасуы көлеңкелердің күшейіп не әлсіреуіне әкеледі.
Фон – бетіне бір нәрсенің суреті салынған негізгі түс, астар. Суретші фонды шығармадағы кейіпкерлер анық көрінетіндей етіп таңдайды. Сонымен қатар фон картинаның немесе суреттің көңіл күйімен сәйкес келуі керек.
Тапсырма орындау. Фон жасап үйренейік. Ақ түсті сары түске айналдыру үшін қағаздың бетін ылғалдап алып, қылқалам арқылы ортадағы сары дақ білінбей жойылғанша айналдыра отырып, қағаздың шетіне қарай жүргізіледі, әлсін - әлсін сумен араластырылып отырады. Ең сыртқы қабаты ақ күйінде қалдырылады. Фонның түсі енді шет жақтан ортадағы сары нүктеге қарай қоюлана түскен тәрізді көрінеді.
Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын:
1. Қосымша түстер дегеніміз не?
2. Шағылысу дегеніміз не?
3. Фон деп нені айтады?
Қорытынды: оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау.
Үйге тапсырма беру: «Менің бөлмем» тақырыбына сурет салып келу.
Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары
- Комекбай
- 18 қазан 2014
- 12226
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары
Ұқсас жаңалықтар:
Бейнелеу пәні бойынша 2 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары
2 - сынып Бейнелеу өнері Сабақтың тақырыбы: 1. Әр түрлі ағаштың бейнелері. Күз ғажайыптары. 2. Жапырақты бейнелеу 3. Бейнелеу өнерінің түрлері....Кескіндеме жасау техникалары
Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі
КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»
Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»...Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)
Алматы қаласы, №152 ЖББ мектеп Бейнелеу өнері, сызу және пәнінің мұғалімі Мақсұтбаев Ғани Ерсанұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.