Шешендік сөздер: Шоқай бидің баласына айтқаны
Бидің бір баласы бай болса да, сараң болыпты. Шоқай биге қонақ жиі келеді. Ал малын соя - соя тауысып алады. Ендігі келген кісіге соятын қой таппай, баласынан сұратса, ол сылтау айтып бермей қояды.
Күндердің күні болғанда би қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Сонда әлгі баласы келіп:
«Уа, әке! Қандай өсиет айтасыз? Көңілдегіңізді айтып кетіңіз», - десе керек.
Сонда би:
«Уа, балам!
Санның сауабын алдым,
Көптің обалына қалдым.
Сауап жеңсе, жоғалдым.
Тіріде бір қой беріп
сыйламаған әкеңді
Өлгенде өтірік айтып
қинамасаң қайтеді», - деген екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шешендік сөздер: Шоқай бидің баласына айтқаны
- ramuk_b
- 14 қазан 2024
- 209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шоқай би, баласына айтқан өсиеті, шешендік сөздер, нақыл сөз
Ұқсас жаңалықтар:
Шешендік сөздер: Әйтеке би деген екен...
Әйтеке би бір жылдары құн даулап, ұлы жүзге келеді. Төлде би Әйтеке биді қарсы алып тұрып. - Биеке, жол болсын,- дейді....Шешендік сөздер: Қаба би деген екен...
Қабада ақындық, жыраулық қасиет те бар екен. Өзі қара қылды қақ жар сөйлейтін әділ биге ақындық өнер қосылған соң, оның шешендігі де, шеберлігі де...Туыстық атаулар сыры: жиеншар
Жиеншар (ер, әйел) – жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендік ғұрыпты жалғастырады....Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...Құл туралы ұлағатты сөздер
Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз. Мұстафа Шоқай Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды. Әлихан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.