Сайтқа кіру Тіркелу

«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

Жүргізуші: Армысыздар аса құрметті спорт сүйер қауым!!!
Жүргізуші: Биылғы жыл еліміз үшін үлкен мереке. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Бұл күнде еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылды.
25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жанданды.
Осы мерекеге орай өткелі отырған, білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!!!
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: «Сергектік» эстафеталық жарысы білім қызметкерлері арасында
6 аймақта өткізіліп, жеңімпаз мектеп командалары ақтық кезеңге жолдама алған болатын. Олай болса, аймақтық жарыста жеңімпаз атанған мектеп командаларын қарсы алыңыздар!!!
1. І аймақтан - №25 мектеп командасы;
2. ІІ аймақтан - №94 мектеп командасы;
3. ІІІ аймақтан - №104 мектеп командасы;
4. ІV аймақтан - Қ. Қүлетов атындағы №92 мектеп командасы;
5. V аймақтан - С. Сейфуллин атындағы №165 мектеп командасы;
6. VІ аймақтан - №249 мектеп - лицей командасы.
Көңілді әуен орындалады.
(Командалар ортаға жүгіріп келіп, сапқа тұрады).
Жүргізуші: Бүгінгі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысын
салтанатты ашылуымен құттықтау сөз
1. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Раман Әбілқасым Қуантқанұлына беріледі
Жүргізуші: Қазақтың күн бейнелі шаңырағы,
Әлемге қыран болып танылады.
Түзелейік байрағына халқымның,
Шырқалсын еліміздің әнұраны.
(Гимн орындалады)
Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды құттықтау үшін сөз
2. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанарыстан Нұрлан Жанарыстанұлына беріледі
Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге «Жаса Қазақстан» әні. Орындайтын №249 мектеп - лицейдің оқушысы Төрехан Дәулет
Жүргізуші: Құрметті жарысқа қатысушы командалар! Жарыс алаңына шығу
реттілігі команда жетекшілерінің қатысуымен алдын - ала жеребе
тарту арқылы анықталған болатын.
1 кезеңде – 1) №25
2) №92
3) №249
2 кезеңде – 1) №94
2) №165
3) №104
Жүргізуші: Білім қызметкерлерінің арасындағы «Сергектік» эстафеталық
жарысы 5 турдан тұрады. Эстафеталық жарыстың турлары жарыс
барысында хабарланып отырады.
(жүргізуші әр турды хабарлап отырады)
Жүргізуші: Бүгінгі жарыстың 7 - ші командасы, яғни төрешілер алқасымен таныс болыңыздар
Бас төреші: Жанарыстан Нұрлан – аудандық білім бөлімінің әдіскері
Төрешілер:
1. Әбіл Әмірхан - №204 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
2. Байдомақов Алтынбек - №249 мектеп - лицейдің дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі
3. Құлназаров Жамбыл - №216 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
4. Ермаханов Сатбай - №216 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
5. Романов Алмат - №16 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
6. Ахметов Айдын - №249 мектеп - лицейдің дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі
Жүргізуші: Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып,
жарысымызды бастаймыз!
«Байтақ елім» әнімен «Мұрагер» тобы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі

«Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасында өткізілетін «Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі...
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Шыныққан шымырлар спорттық ойын

Шыныққан шымырлар спорттық ойын

Тассай аулы, Көкпекті ауданы, ШҚО «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ Смагулов Нығметжан Жагпарович...
Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақша І санатты дене шынықтыру маманы А. Б. Орынбаева...
Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету

Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету

Қызылорда облысы, Айтеке би кенті № 234 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тлеумбетов Алик Каумбаевич...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×