Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш ауданы,
Дербісек ауылдық округі
№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі
«СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ» сценариі
Мектеп ауласында салтанатты шараға шақырылған ата - аналар, мектеп оқушылары, білім беру саласы басшылары және т. б. Мереке салтанатты сапқа тұрғызудан басталады.
1 - Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бүл күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Армысыздар, жиналған ата - ана, ұстаз,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан, талпынып қанат қақты,
Он бір жылдан оң солын танылған жас
1 - Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар 2014 - 2015 оқу жылының соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды бастаймыз.
1 - Жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық жар салайық.
Биылғы 11 - ші жыл түлектерін,
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз!
(Ән: Қоштасу.)
1. Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, босаға ғой киелі.
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
2. Текті сынып басқалардан бағы басым,
Бәрі де дарынды жас, жаны - жасын.
Бапкері, сынып жетекші апайымен,
Қарсы алайық 11 «А», сыныбы.
Сынып жетекшісі еңбек пәнінің мұғалімі Жантилеева Майра апай
3. Алдарыңда өмірдің тұр өткелі,
Қанат қақсын, көңілдің жыр кептері.
Сәтті сапар тілейміз қадамыңа,
Ұлы батыр Елшібектің бітіруші түлектері.
4. Қолдарыннан дала күлді, түз күлді,
Әр істерің бізге өнеге, бізге үлгі.
Табылайық бізде еңбек жолынан
Ағалардай жалғастырып өмірді.
20 жылдық мерей тойын тойлағалы отырған түлектер ортаға шақырамыз. (орындарына жайғасып болған соң)
1 - Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын. (Ту шығарылады)
(Ән: Көк тудың желбірегені. Әнші Ибрагим Ескендірдің орындауында)
1 - Жүргізуші: Алғашқы Әскери Дайындық жетекшісі Құлжанов Бақберген мектеп директорына рапорт береді.
1 - Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Жарасады жігер берер әнұран
Салтанатты жиынымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын. (Мемлекеттік гимн орындалады)
1 - Жүргізуші:
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз - мәйрам болып жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері, - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Калменов Манақбай ағайға беріледі.
1 - Жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер
Сөз кезегін қонақтарға берейін,- дей келе, бітіруші түлектерге ақ тілектерін ала келген аудан, ауыл әкімшілігінен, ауылымыздың ардақты ағаларына сөз кезегін береміз!
1. Дербісек ауыл әкімі, ел ағасы Наурызов Абдрахман.
2. Дербісек елді мекенінің құрметті азаматы, ел ағасы Мырзабаев Сайлаубай қажы атамыз.
3. Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Артықбаев Сабыр ата
4. Сарыағаш аудандық мәслихатының үш шақырылымдық депутаты қызмет атқарып, бүгінгі таңда зейнеткерлік жасқа шығып, өз тәжірибесін өзгеге үйретіп отырған ұстаз, ел ағасы Нұрбеков Полат ата.
5. №22 Елшібек батыр мектебінде ұстаздық етіп, талай шәкірттерге білім мен тәрбие нәрін беріп, биік шыңдарға шығарған, бүгінгі таңда зейнеткерлік жастың жемісін татып, бүгінгі қуанышқа келіп отырған ұстаз Майрихова Анапия апайға сөз кезегін береміз.
6. Облыстық мәслихат депутаты, ел ағасы Жүнісбеков Уалихан ағамыз.
7. 2014 - 2015 жылдан мектебімізде ата - аналар комитетінің қызметін атқарып, мектебімізде өткен іс - шаралардың басында жүріп өз дәрежесінде өткізілуіне септігін тигізген Жунисбеков Әбубәкір ағамыз.
8. 30 жылдай мектепте жұмыс істеп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздар Дүйсебаева Сағымжан мен Уразова Амангул апайларға сөз кезегін береміз.
1 - Жүргізуші:
Кездескенде қалатұғын шұрқырай,
Балалықтың келмейді ғой бір күні - ай!
Бәріміз де бір мектеп, бір сыныпта,
Он жыл тағы отырар ма едік шіркін - ай!
1 - Жүргізуші: Ән. «Қоштасу» әнін Мамай Индира мен Ортаева Балжан орындайды.
Осыдан 20 жыл бұрын мектепті бітірген, бүгінгі таңда мемлекетіміздің түрлі салаларында қызмет етіп, еліміздің дамуына үлесін қосып жүрген ағаларымызды ортаға қошеметпен шақырсақ.
1.
2.
3.
1 - Жүргізуші:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болдың мақтаны.
«Алтын сандық» ішінде 11 сыныпты үздік бітірген оқушыларға арналған сыйлықтар болады. Ол 11 сынып оқушыларына арналады.
Қонақтар арасынан ұлағатты ұстазымыз өз қолымен тілек айтып тапсырады.
Мектеп директоры үздік оқушылар жайында өз пікірін, ақ тілегін білдіреді.
1 - Жүргізуші:
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз – ғалым толастатпас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Мектеп бітірушілер 11 сынып оқушыларына құттықтау сөз беріледі.
1. 11 «а» сынып оқушысы
(Бастауыш сыныптың 3 оқушысы шығып аға - әпкелеріне гүл шоқтарын ұсынады)
Бастауыш сынып оқушыларының ұстаздарына, аға әпкелеріне арнаған
өлең - жырларына кезек береміз.
1 - Жүргізуші: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген тақырыпта сюжет.
Ұл: Жайна, міне мектеп табалдырығын аттадық. Енді жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз.
Қыз. Иә, мынадай үлкен мектепте оқып, білім алып, мектептің, ұстаздарымыздың үмітін ақтауға тырысамыз.
Ұл: Әрине дұрыс айтасың. Жайна олай болса ұстазымызға гүл шоқтарын ұсынсақ қайтеді?
Қыз. Барсақ барайық. Ұстаз жүрегі әрқашан шәкірттерге жылу сыйлайды.
(алдынан ұстазы шығады, оқушылар гүл шоқтарын ұсынады)
Ұстаз: Сәлеметсіңдер ме, бүлдіршіндер! Енді осы мектепте 11 жыл оқып, тәлім - тәрбие, жан - жақты білім алып, 11 жылдан соң мектеп бітіріп, үлкен өмірге қанат қағасыңдар. Еліміздің өнегелі азаматы боласыңдар.
(Мұғалім оқушыларын ертіп шығып кетеді. 11 жылдан соң)
Ұл: Жайна кеше ғана алғашқы ұстазымызға дәл осы жерде гүл сыйлаған едік. Міне, 11 жылда әп - сәтте өте шықты.
Қыз: Иә, Райымбек, шынында да кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, 11 жылда артқа тастап, алдын ұя мектебімізді қимас сәтте келді.
Ұл: 11 жылда алған білімімізді енді керегімізге, болашағымызға жаратамыз.
Қыз: Міне, 11 жыл бойымен бізбен бірге оқыған достарымызға, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз.
Ұл: Иә, бізге жан жылуын сыйлаған, өз анамыздай болған ұстаздарымызға осы гүл шоқтарын ұсынайық.
1 - Жүргізуші:
Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына
Ақ тілектің кезегін бітіруші сыныптардың алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшілеріне береміз.
1.
2.
3.
1 - Жүргізуші:
Білім сыйлап балаға еңбек еткен,
Самал сөзді аймалап, сүйген беттен.
Шәкіртінің естісе ерліктерін,
Қуаныштан көңілі көкке жеткен.
2014 - 2015 оқу жылында білім, тәрбие саласында биік шыңнан көрінген №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздарын марапаттау рәсіміне кезек береміз.
Сөз кезегін мектебіміздің директоры Калменов Манақбай Қыдыәліұлына береміз.
1 - Жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
«Мектеп вальсін» билеп тұрып.
Ән: Мектеп вальсі «Ең соңғы қоңырау» бітіруші түлектерге арналған.
(11 сынып оқушылары вальске билейді)
1 - Жүргізуші:
Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен Соңғы естіген қоңыраудың,
Дірілдейді – ау ерекше жүректерің.
Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау негізгі мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні. «Алдарыңнан нұрлы күн тусын» дейді мұндайда қазақ. Осындай игі тілекпен соңғы қоңырау үнін мектеп соқпақшы.
Қоңырау соғу сәті. (Ән: «Мектебіңді ұмытпа»)
1. Жүргізуші:
Мектеп туын тапсыру салтанаты.
Туды тапсырушы 11 сынып оқушысының сөзі:
Он бір жыл білім нәріменен сусындап, ішкі ұлы мақсатымызды келешекке бағыттаған мектебіміздегі толқындай желбіреген мектеп туын өзімізден кейінгі сарбаздарға тапсырамыз.
Туды қабылдаушы 10 сынып оқушысының сөзі:
Сіздердің бізге тапсырған Қазақстан Республикасының туын көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеуге сенім білдіреміз.
1. Жүргізуші:
Сап түзелсін, салтанатты жиынымыздан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын. (Ту шығарылады.)
(Ән: Көк тудың желбірегені. Әнші Ибрагим Ескендірдің орындауында)
1 - Жүргізуші:
«Мектеп - екінші үйің, яғни біздің ұлттық киіз үйімізде бәріміз бір шаңырақ астында жасадық. 2015 жылдың бітірушілері осы екінші үйінен түлеп ұшқалы отыр. Ортаға шаңырағы биік, керегесі мықты киіз үйді шығарамыз.
(Ән: Қош бол мектебім. Асан Пердешов)
1 - Жүргізуші:
Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!
1 - Жүргізуші: «Ақ жол» атты ақ матаны мектепті үздік бағамен бітірген оқушылар жерге төсейді.
(Ән: вальс. «Ең соңғы қоңырау»)
1 - Жүргізуші:
Түлектердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл - қызға,
Ақ сақал ата ақ батасын арнасын - деп, бүгінгі мектепті үздік бітірген, білім ордасынан болашаққа ұшқалы тұрған түлектерге арнап ауыл ақсақалы өз ақ батасын береді.
(Ән: (Қоштасу)(Аттандық сапарға) Ескендір мен Біржан Хсағалиевтар
1 - Жүргізуші:
Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын!
(Шығып бара жатқанда алдарына «Ақ жол» атты мата төселеді. Ақ мата үстімен бітіруші сыныптар, 20 жылдық мерей той иелері басып шығып кетеді.)
1 - Жүргізуші
Сіздерге «Талаптарыңыз оң болсын, Сапарларыңыз сәтті болсын!» - деп қош айтысып қаламыз.
Салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.
Сыңғырла, күміс қоңырау!
- Дулат
- 20 желтоқсан 2015
- 7983
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сыңғырла, күміс қоңырау атты бітірушілерге арналған сценарий
Ұқсас жаңалықтар:
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны
Фанфары І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!...Армысың, алғашқы қоңырау!
Мереке зор қуаныш – Білім күні, Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі....Сыңғырла соңғы қоңырау
Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын...Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш. А. Абдуллина..."Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" (Соңғы қоңырау салтана ...
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.