Сайтқа кіру Тіркелу

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы Күні!

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы Күні!

Армысыздар, армысың Қайыңды, армысың,
Ардақты ана, аяулы әже бармысың
Мұз құрсаудан босаңсыды қарлы шың
Келіп жетті, елімізге Наурызым
Шуақ болған жерімізге Наурызың,
Қуат болшы елімізге Наурызым
Даулетті күн, сәулетті күн көбейіп
Құтты болсын баршаңызға Наурызым
Жер әлімді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді! Той құтты болсын, ағайын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Ендеше мерекелік кешіміздің шымылдығын қазақтың шашуымен ашайық!
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығыңмен шуағыңмен жер ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем,
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей кешіміздің басын бүлдіршіннің сөзі қанатсызға қанат бітіріп, періштенің құлағына шалынар деген ниетпен «Балдәурен» тобының бүлдіршіні Қуандық Үмбетті ақ батасымен ортаға шақырайық

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!- кезекті биші қызымыз Назымның қазақ биіне береміз
«Қазақ биі»
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем,
Айтыс десе Қазақтың есі кеткен.
Көтеріп ел мерейін, ел еңсесін,
Көкейін тыңдаушының риза еткен - дей келе кезекті «Наурыз айтысқа» береміз
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар - дей отырып ат басын кешіміздің қадірлі қонақтары ақ жаулықты әжелерімізге бұрайық.
«Балдәурен» тобының әжелері:

Жалпы осындай кішкентай бүлдіршіндердің асыл әжелеріне ду қол шапалақ!!!

Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз - дегендей соңдарынан ерген ұрпақтарынан білгендерін аямаған әжелеріміз кешімізге қазақтың - салт дәстүрінен қоржындарын қомдап келген жайлары бар екен, ендеше кезек әжелерімізде
Салт - дәстүр
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағым мол нұр әжем.
Сөзімді дұрыстайтын әжем,
Айғайлап ұрыспайтын әжем,
Алысқа кетпе дейтін әжем,
Келмесем өкпелейтін әжем - дегендей алтын әжелеріміз жылы - жұмсағын жасырып, балдарының аузына тосып жүретін бүгінгі мерекеге ұлттық тағамдардан дәм ала келіпті, әжелеріміздің дәмін дәм татып тағамдармен таныс болайық.
Алтын қолдарынан дәм тамған әжелеріміздің сөз қоржынынан бал тамар демекші әжелеріміздің әншілік бағын сынап көрейік, Шәмшінің әнінен ән шашуын шашсын
Ән

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Бар дәмдіні пісірді - дей келе кешімізге арнайы келген ардақты әжелерімізден шапалағымызды аямайық, қонақ кәдемізді қабыл алыңыздар!
Көргенде қуанасың таза ауаны
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурызың құтты болсын, қазақ елі!
«Сұлтан» биі
Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп Жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе - ортада Назым қызымыз «Қошақаным» әнімен
Ұлыстың ұлы күні,
Жаңғырды қазақ үні.
Түрленді Жер анамыз,
Бүршігін жарып гүлі.
Тігіліп киіз үйлер,
Төгілді күміс күйлер,
Ойналып ұлттық ойын,
Орындалды ән мен билер - ұлттық ойын «Аударыспақ» ойнайтын балдарымыз бар екен қошеметпен қарсы алайық

Сәулесі бар наурызда ұлы үміттің
Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың
Ұлыстың ұлы күні паш етеміз
Белгісін достық пен татулықтың - алдарыңызда биші қызымыз Назым «Шашу» биімен
Қара таудың қиясы бар
Қара талдың ұясы бар.
Жат жұрттыққа жаратылған,
Қыздың қандай кінәсі бар?- дегендей қазақтың салт - дәстүрінің бөлшегі Қазақ қызының мұң мен шерін, қимастықпен сағынышын жырлаған «Сыңсудан» үзінді
Береке күннен күнге таса берсін
Ырыс - құт басымыздан аса берсін
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Қайрақтымыз ілгері аяқ баса берсін.
Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің салт - дәстүрінің жанашыры болатынына сенеміз,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Мереке тағыда құтты болсын ағайын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!

Қош келдін, Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу. Балалар «Наурыз»...
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...
Қош келдің, Әз Наурыз

Қош келдің, Әз Наурыз

Жүргізуші: Армысыздар, халайық! Бармысыздар, халайық! Наурыз тойын жұп жазбай, Жылда қарсы алайық!-...
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты

Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×