Сарыарқа төсіндегі Асқақ қала
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушылардың Астана қаласы жайлы білімдерін байқау. Жинақталған білімдерін иемдене отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
- Дамытушылық: қызығушылығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, дұрыс сөйлеу дағдыларын,(қабілетін ) қалыптастыру.
- Тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілігін тудыру, сыйластыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, тарих, ән сабағы, этика, психология, биология.
Көрнекілігі: суреттер, эпиграф сөздер, мемлекеттік рәміздер, кестелер, карточкалар.
Сабақтың түрі: ойын.
Сабақтың эпиграфы: Ұл - қыздары ой түзеген
Бәйтерегі бой түзеген
Сарыарқама сәулет берген
Ел - жұртына дәулет берген
Арман қала - Астана.
(«Ұлан» газетінен)
Сабақтың барысы: Сабақтың эпиграфымен ойын бөлімдері және топ командаларын таныстыру.
Қамтылатын бөлімдер:
Кіріспе сөз.
1. Астанаға - 10жыл (ой бөлісу).
2. Телегей теңіз тарихы бар - Астана (сұрақ - жауап).
3. Көгінде көк туы желбіреген - тәуелсіз ел. (сөзжұмбақ).
4. Астана Евразия жүрегінде (мәтін жазу).
5. Шыңға шарықтаған бәйтерек - Астана (мақал - мәтелдер).
6. Астана арман қала (саяхат жасау).
7. Астана - мәдени мекен (жұмбақ шешу).
8. Қорытынды.
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ата - аналар. Бүгінгі көптен күткен, (білім күні құтты) білім нәрін беретін мектеп ордасына қош келдіңіздер.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл Астана қаласына 10 жыл. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындары, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әр бақытты күн. Осынау қасиетті топырақта өніп - өсіп, өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны15 миллионнан астам. Олай болса, Астана қаласы оңайшылықпен 10жылға жетпеген еді. Астана деген де еліміздің тәуелсіздік байрағы желбірейді. Астана деген де еліміздің тәуелсіздік шежіресі елестейді. Ия, тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. Тәуелсіздікке 1991 жыл16 желтоқсанда жер жиһанға жария етілді.
І. Қамтылатын тақырыптар.
Қазақстанның орналасу аймағы, қандай облыстар бар, бұрынғы астаналары, елбасы, тәуелсіздік нәтижелер, байлықтар, ата заң, тарихы, рәміздері.
Астананың көркейуі, шетелдік қонақтар бойынша ой бөлісу.
1 - оқушы: М. Шаханов: «Төрт ана»
Айболат. Күй ойнап тұрады.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқ мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа ба,
Демеп жүрер, жебеп жүрер аруақ да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы
2 - оқушы: Туған дәстүр, салт - санасы, тірегі,
Шырайлым. Қадамыңды шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі, қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
3 - оқушы: Өзге ананың ұлылығын танымас,
Қанат. Төрт анасын менсінбеген пенделер,
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздық басы қайда қалмаған Төрт анасын сыйламаған халықтың, Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес - күрескердің ұлысы.
Мұғалім. Жоспар бойынша 1 - бөлімге тоқталу.
1. «Астанаға 10жыл» (ой бөлісу).
Мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету саяси мәселелерге араластыру.
4 - оқушы: Қазақстан туған елім
Аманжол Алтын бесік - Ақ ордам. Даңқың сенің арта берсін
Елім менің жаңарған.
5 - оқушы: Ей, қазақтар ұланы,
Айнагүл. Болғайсың дала қыраны,
Жер – суын қорғау бабаның.
Емес пе еді басты ұраны!
6 - оқушы: Осыл жерге
Жазира. Ортаймас бақ қона ма?
Ер көңілі толмаса, тау қона ма?
Атар таңдар бере гөр құт - береке,
Елдің төрі қасиетті Астанаға.
7 - оқушы: Абай туған, Сәкен туған.
Нұржан Құрметті досым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің!
8 - оқушы: Көгінде қыран құсың қалықтаған,
Олжас Ұшудан қыран құсын қалықтаған,
Қазақстан сүйікті Отанымсың.
Адымдап алға басып шарықтаған.
ІІ. «Телегей теңіз тарихы бар - Астана» (сұрақ - жауап).
1. Қ. Р қандай мемлекет?
Жауап: Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет.
2. Қ. Р Президенті кім? Н. Назарбаев.
3. Тәуелсіздік күні? 16 желтоқсан
4. Қ. Р премьер - министрі кім? Кәрім Мәсімов.
5. Рәміздеріміз қалай бейнеленген?
6. Әнұранның авторлары? Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев.
7. Қазақстанның алғашқы астанасы? Орынбор 1917жыл
8. Екінші астанасы? Қызылорда 1924 жыл
9. Үшінші астанасы? Алматы 1929 жыл
10. Қазіргі астанасы? Астана 1998 жыл 6 мамыр
11. Астананың бұрынғы атауы?
12. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
13. «Бәйтерек» Астана кешені қай қалада?
14. Биіктігі қанша метр? 97м
15. Қазақ елінің атақты ақын - жазушылары?
16. Қазақ елінің атақты әнші - әртістері?
17. Астана қай жерде орналасқан?
18. Астана әкімі? И. Тасмағанбетов
19. Қандай университет бар?
20. «Ата Заң» қай жылы қабылданды?
ІІІ. «Көгінде көк туы желбіреген тәуелсіз ел» (сөзжұмбақ.).
Сұрақтар.
1. Астанада қандай университет бар?
2. Астананың бұрынғы атауы?
3. Астананың туған күні?
4. Елбасының сарайы
5 «Қазақ елі» монументі қай қалада?
ІV. «Астана Евразия жүрегінде» Мәтін құрастыру 3 минут
V. «Шыңға шарықтаған бәйтерек - Астана.
Шарты: туған жерге, ел - жұртқа байланысты, ынтымақ, татулық, бірлік жайында мақал - мәтел жарысы.
VI. Астана арман дала (саяхат жасау)
Шарты: картаны пайдалана отырып, Астана қаласына саяхат жасау.
VII. «Астана - мәдени орта» (жұмбақ шешейік)
Шарты: оқушының логикалық ойлауын арттыру.
VII. Қорытынды.
Ойымызды қорытындылай келе, Су түбінде асыл тас, жел толқытса шығады, ой түбінде асыл сөз, шер толқытса шығады» дейді халқымыз. Су ол біздің халқымыз, ал егеменді мемлекетіміз - толқын, ел басынан күн туған кезде өткен заманының ел даналары асыл тастай халық алдына шамшырақтай жарқырап шығып жатады. Қазыбек бидің сөзімен айтқанда «біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды» дегендей, бабаларымыздың өсиетін ойға сіңіріп, болашаққа білімнің нәрімен самғайық. Әбу - Насыр айтқандай «адамзатты саналы өмірге апаратын жолды тек оқу білімнен іздеу керек» деген қағиданы басшылыққа алайық.
Сарыарқа төсіндегі асқақ қала
- Жанна Кенжебекова
- 23 тамыз 2014
- 6785
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еліміздің астанасы Астана жайлы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Астана – бас қала
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.