Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз қылығымен...

Тақырыбы: «Қыз қылығымен...»
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
Өту орны: Акт залы
Қатысушылар:
- 8 - 11 сынып қыздары
- Жүргізуші:
- Эксперт қонақтары (мектеп медбикесі, СӨС дәрігері, гинеколог - акушер, Жастар үйінің басшысы)
- Тәрбие ісінің меңгерушісі, сынып жетекшілер
Көрнекіліктер: «Әдемі қыз», «Түсік жасау», «Шылым шегушілік», «Тазалық» видеороликтер, слайдтар
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар және сынып қыздары! Сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымын. Бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер!
Сонымен, тақырып: «Қыз қылығымен...»
Қыз қылығымен сымбатты.
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Жастықтың өз жастығымен, пәктігімен әдемі дегендей жас қыздардың өздері - ақ қыздың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат сыйлаған осы нәзік кезең өзінің әдемілігімен, жастығымен, албырт сезімімен ерекше.
Намысын, сұлулығын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.
Барлығымыз бейне фильмге қарайық «Қазақ қызы қайдасың?» бейнефильмі көрсетіледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады.
1. Қазақ қызы қандай болу керек?
2. Қыз өссе, елдің көркі... деген қалай түсінесіңдер?
3. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
4. Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?
5. Үйде ата - аналар балаларын қалай тәрбиелейді?
Сұлу болу, сау болу - өз қолыңда! Адамның, соның ішінде қыз - келіншектердің реңді де сұлу болуы өздеріне байланысты. Себебі, сұлулықтың негізі - денсаулық. Бұл денсаулыққа жеке басты тазалық, гигиена және зиянды әрекеттердің аулақ болуы жатады. Қазіргі кезде қыздар зиянды заттарға елігіп, әуес болады. Ол болашақ ана. Темекі тарту, ішімдік ішу денсаулыққа үлкен қатер төндіреді. Құрметті қатысушылар жеке бас тазалық - гигиена және зияндыц әдеттер жайында толығырақ мәлімет алу үшін, ортаға СӨС дәрігері Ибраимова Нұргүл Баденқызы қонағымызды ортаға шақырамыз.
Ал, енді бейнефильмге назар аударыңыздар. /Темекі бейнефильмі көрсетіледі./
Құрметті Нұргүл Баденқызы бүгінгі ток шоуымызға келгеніңізге рахмет. Енді жеке бас гигиена жайында толық айтып берсеңіз.
1. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
2. Тәуелділік дегеніміз не?
3. Шылым шегетін жастар қазіргі кезде қанша пайыз?
4. Қалай ойлайсыз, жастар неліктен шылым шегеді?
5. Шылым шегетін адамның ағзасы қандай болады және тағы қандай зияндары бар?
/Тазалық туралы слайд көрсету./
Жасөспірім қыз баланың табиғаты, ерекше күтімді қажет етеді. Жасөспірім қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы дәрігерлік кеңесіне назар аударайық. Ортаға Қалбатау ауылының акушер - гинекологын шақырамыз. Қалыңыз қалай? Өте қуаныштымыз уақыт бөліп келгеніңізге.
1. Жалпы қыз баланың табиғаты туралы айтып берсеңіз?
2. Ағзадағы өзгерістер туралы айтсаңыз?
3. Сырт келбеттегі өзгерістер
4. Жыныс ағзаларындағы өзгерістер
5. Алғашқы етеккір
6. Жыныстық қатынас туралы айтсаңыз?
7. Жыныстық жолмен жұқпалы қандай аурулар бар?
8. Қалай аурулар жұғады?
9. Сақтанатын әдістер қандай?
Бейнефильмге назар аударыңыздар!
«Қызым үйде - қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс - тұрысы мен киім - киісі тәрбиенің негізі болып саналады.
Келесі қонағымыз жастар үйінің директоры Бақыт Маржанқызы ортаға шақырамыз. Бақыт Маржанқызы қош келдіңіз!
1. Қазақ қыздарының киімі тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
2. Дөрекі сөйлейтін қыздар туралы ой - пікіріңіз?
3. Сән мен сымбат туралы айтып берсеңіз?
/«Әдемі қыз» слайд көрсетіледі./
Қорытынды сөзді директордың орынбасарына беріледі. Бүгінгі ток шоу бойынша сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын. Сонымен, солай дейік, солай болатынына сенейік!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...
Болашақ жастардын қолында

Болашақ жастардын қолында

8 - 11 сыныптар арасында Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел» өткізілді....
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері: ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік,...
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
«Жасөспірім және зиянды әдеттер»

«Жасөспірім және зиянды әдеттер»

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназия психологы Садвакасова Индира Қайратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×